Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай бөлшектерді көбейту Есептер шығару -

Жай бөлшектерді көбейту Есептер шығару

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 279 | Просмотров: 2034 | Размер: 384.5 Kb | Автор: arai
. Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы
№17 қазақ орта мектеп

Шығармашылық сабақ

Тақырыбы:

Жай бөлшектерді көбейту
Есептер шығару

Пәні: Математика

Сыныбы: 5 б

Пән мұғалімі: Алпысбаева Айнагүл

Қазалы қаласы

Пәні: Математика
Сыныбы: 5 б
Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту
Есептер шығару
Мақсаты: Білімділік: Жай бөлшектерді көбейту ережесін есептеулерде қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, жеке даралық қасиеттерін арттыру;
Тәрбиелілік: Ынтымақтастыққа, еңбексүйгіштікке баулу;
Күтілетін нәтиже:
1. Тақырыпты жан-жақты меңгереді;
2. Оқыту үрдісінде ұлттық педагогиканың қолданылуы арқылы елжандылыққа тәрбиеленеді;
3. Логикасы дамиды;

Сабақтың типі: Жинақтау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Оқыту формасы: Жеке, топтық
Әдіс-тәсілдер: Ойын арқылы оқыту технологиясының элементері
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет және тіл

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кезекшінің көмегі арқылы оқушыларды түгелдеу
Оқу құралдарын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту
«Хан талапай» ойыны арқылы өтілген тақырыптан алған білімдері тексеріледі. Ойынға екі ойыншы қатысады. Кезектесіп асықтарды атып, сұрақтарға жауап береді.
1-сұрақ: Бөлшектер қалай көбейтіледі?
2-сұрақ: Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеді?
3-сұрақ: Аралас сандардың көбейтілуін түсіндіріңіз?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту

ІV. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, біз бүгін «Жай бөлшектерді көбейту» тақырыбы бойынша есептер шығармыз. Сабағымыз «Алтын қақпа» телеойыны негізінде өтіледі.

І. ТАС қақпа тапсырмасы:
/ Тас қақпаны ашу үшін алдымен төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет. Сонда ғана тас қақпаның қақпасы ашылып, оның тапсырмасын орындауға жол алады./
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/ сызғыш, линейка/
2. Он екіге жетіп,
Жүрген кері кетіп.
/ сағат, часы/
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай.
/ натурал сан, натуральные числа/

/ жоғарыдағы сұрақтарға жауап алынған соң тас қақпаның есептері шығарылады./
№779-есеп. Шарты: Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнекті ықшамдау.







ІІ. КҮМІС қақпа
1. Квадраттың қабырғасы – 10 см. Ауданын тап. /100/
2. Квадраттың қабырғасы – 9 см. Периметрі нешеге тең? /36/
3. «К» әрпінен басталатын математикалық сөздерді ата / Көбейту, км, кесінді, көлем/
№788-есеп. Шарты: Амалдарды орындау.
1)
2)
3)
4)
№791-есеп. Шарты: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеңдер.
1)
2)
3)
4)
ІІІ. АЛТЫН қақпа
1. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі? Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы – бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
№780-есеп. Шарты: Тік төртбұрыштың ұзындығы см, ені см. Оның ауданын табу керек.
шешуі: S=a*b


Табу керек: S-? Жауабы:

№785-есеп. Шарты: Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу
1)
2)
3)
4)
Сергіту сәті
Логикалық есептер

1. 3 санына байланысты қандай ұлттық ұғымдарды білесіз?
/ үш тәтті, үш арсыз, үш жүз, үш жұрт/
2. 7 санының мағынасы. / 7 ата, 7 қазына, 7 күн, 7 жұт/
3. Қазақша өлшем бірліктері / елі, сүйем, қарыс, адым, шөкім, шымшым, атам, тұтам, білем құлаш, т.б./
VІ. Жаңа сабақты бекіту
Тест
1. Қосуды орында
975:(25*13)*305-908 = 7
А. 6 В. 8 С.9 Д. 7
2. Теңдеуді шеш 9(х-4) = 207
А. 17 В. 13 С. 24 Д. 27
3. Көбейтуді орында 679*79=
А. В С Д
4. Бөлшекті қысқарт 10хzу/15хуz
А. 2хz/5у; В. 2у/3х С. 5у/3z Д. 10у/15х
5. Өрнекті ықшамда 3х-4ху-х(2у-5)
А. -6ху-2х В. 8х-6ху С. 8х-2ху Д. 8х+2ху

VІІ. Жаңа сабақты қорыту
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика» - деп ұлы ғалым М.В.Ломоносов айтқандай, ғылымның түрлі саласын меңгеруге, жан-жақты болып өсуге математика пәнінің ықпалы зор. Сондықтан осы пәнді жақсы игеруге бар күштеріңізді жұмсауларыңыз қажет, балалар. Бүгінгі сабақ арқылы біз көп нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын.
VІІІ. Үйге тапсырма
№789-есеп. Шарты: Амалды орында.
№790-есеп. Өрнектің мәнін тап.

ІХ. Білім бағалау.
Оқушылар білімі бағаланады

р/с Оқушының аты-жөні Өз бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.