Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай  бөлшектерді  қосу. -

Жай бөлшектерді қосу.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 239 | Просмотров: 1328 | Размер: 24.4 Kb | Автор: arai
. 5 «а» сыныбындағы пән апталығына өткізілетін ашық сабақ.
Қайталап – бекіту сабағы.
І. Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алған білімдері бойынша бөлімдері бірдей және бөлімдері әр
түрлі бөлшектерді қоса білуге білімдерін тиянақтау және
бекіту.
Дамытушылық: . Есеп шығару барысында дұрыс ой қалыптастыру.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын, танымын қалыптастыру.
ІІІ. Сабақтың көркемділігі: Электрондық оқулық.Суретті үлестірме.
Бағалау фишкалары. Оқушы парағы.
ІV. Сабақтың түрі: Жарыс – сабақ.
V. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
2. Ширату (10 мин)
3. Математикалық жарыс - 20 мин.
4.Жалпы корытынды - ( 5мин)
5. Рефлексия (5 мин)
І. Ұйымдастыру кезеңінде: оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін
тексеру, үй жұмысын тексеріп шығу.
Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз – «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға
сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.
ІІ. Ширату мақсатында оқушылар бір-біріне тізбектей сұрақ қояды.
ІІІ. Суретті үлестірме: Жауаптарын орындарына қойғанда құпия сөзді табады.
1 үлестірме. Т. 2/7+5/7 8 үлестірме. З. 1/6+2/3
2 үлестірме. Ә. 3/8+1/8 9 үлестірме. Д. 5/12+1/6
3 үлестірме. У. 1/5+2/5 10 үлестірме. К 4/15+2/3
4 үлестірме. Е. 1/10+1/10 11 үлестірме. 2. 5/9+2/9
5 үлестірме. Л. 2/5+1 12 үлестірме. О. 1/4+1/8
6 үлестірме. С. 9/13+2/13 13 үлестірме. Ж. 1/2+6
7 үлестірме. І. 2+ 2/3 14 үлестірме. Ы .4/9+2/9
( Т ә у е л с і з д і к к е 2 0 ж ы л )

ІV. Математикалық жарыс.
Білмегенімізді үйреніп. Білгенімізді тиянақтау. Бүгін 2 топпен жұмыс
жасаймыз. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Бөлімдері бірдей және
бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосудың анықтамаларын айтып, алған
білімімізді бүгінгі сабақта жауабымызбен, кесте толтырумен, есеп
шығарумен түсіндірмекпіз. Сұраққа қай топ өте көп жауап берсе сол
балалар жоғарғы баллға ие болады.
1-ші топтың Оқушы парағы.
І. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу:
1. 7/13 +6/13
2. 3/7+2/7
3. 1/12+5/12+7/12

11. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу:
1. 1/12+2/3
2. 3/4+1/20
3. 1/2+3/5
ІІІ. Теңдеуді шешіңдер.
1. х-5/6=1/6
2. х-11/12=5/24
ІV. Үйге тапсырма:
Үшбұрыштың периметрін тап. Қабырғалары: 3/5;4/15;5/9;
2-ші топтың Оқушы парағы.
І. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу:
1. 5/17 +12/17
2. 2/9+3/9
3. 4/13+3/13+7/13
11. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу:
1. 3/8+1/4
2. 5/6+3/8
3. 4/9+2/3

ІІІ. Теңдеуді шешіңдер.
1. х-5/9=4/9
2. х-13/32=5/8
ІV. Үйге тапсырма:
Үшбұрыштың периметрін тап. Қабырғалары: 6/7;4/21;5/6 ;
Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

V. Екі үлкен аралда адасқан жауаптар .
Екі үлкен аралда «Бөлшектер» және «Үлестер» орналасқан,
адасқан жауаптарды табыстыруға көмектесейік.
«Бөлшектер» аралы «Үлестер» аралы:
1/5 ; + ; ширек,
1/4 ; 4/5 ; жарты,
=;1/2; 1; бүтін

V. Үй тапсырмасымен оқушы парағын қайта беріп, сабақты
қортындылау.

VІ. Бағалау. БИС технологиясымен бағалау.
VІІ. Рефлексия






№25 А.Ермеков атындағы орта мектеп

А Ш Ы Қ С А Б А Қ
Тақырыбы: « Жай бөлшектерді қосу»
5 сынып.

Пәні: Математика
Секция: Математика

Өткізген: Сайфуллина Гүлден
математика пәнінің мұғалімі.

Ақадыр кенті 2011-2012 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.