.
.
Мұнайлы ауданы №2 орта мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Азизова Айманның «Өрлеу» Ұлттық Біліктілік арттыру сатысының III (негізгі) деңгейі бойынша практика кезеңінде өткізген ашық сабағының жоспары. “Адами-қарым-қатынасқа үйренейік”
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 307 | Просмотров: 5475 | Размер: 56.1 Kb | Автор: ТәрбиеУақыты: 16.10.2012ж Өткізген сыныбы: 5 г
Тараудың тақырыбы:
“Адами-қарым-қатынасқа үйренейік”
Сабақтың тақырыбы: “Өзімді – өзім танумен өсіп келемін”
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі бағалау түсініктерін кеңейту
Оқытудың мақсаты: Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру. Сыни ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижелері: Оқып-үйренуде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып жеткені көрінеді.
Ойын еркін жеткізе алатын болады.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқу белсенділіктері артады.
Дарынды балалар анықталады.
Өзін-өзі бағалай отырып,сыныптастарын бағалап үйренеді.
Сабақ жүрісінің жоспары:
• І.Ұйымдастыру кезеңі.
• ІІ. Қызығушылықты ояту. Дарынды баланы анықтау.
• ІII.Мағынаны тану. Диалогпен жұмыс.
• IҮ. Ой толғаныс. Венн диаграммасы.
• Дәптермен жұмыс.
• «Топтастыру» стратегиясы
• V. Сергіту сәті.
• ҮІ. Сабақты қорыту.
• Эссе жазу стратегиясы.
• ҮІІ. Бағалау.
• ҮІІІ. Үйге тапсырма.
І.Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі және оқулықтағы Ж. Қалжанованың «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін» әнін шырқайды,үнтаспаға қосылып билейді.
Ой қозғау. Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, сабақтың мақсатын түсіндіру сабақтың мағынасын ашу үшін сұрақтар беру.
АКТ слайд арқылы оқулықтағы сұрақтар беріледі.
1. Өзіңді-өзің таны дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
3. Өзін-өзі тану «сарқылмас қазына» деуге бола ма? Неліктен?
Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы әңгімелесу жүргізеді.
Сыныпты топтастыру. Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу, ереже құру
Топ мүшелерін рөлге бөлу (хатшы, басшы, хабарлаушы, тәлімгер)
Оқушылар топқа бөлінеді, топбасшысы мен сыныптың ережесін өздері бекітеді
Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, Тыныштық сақтау , Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу , т.б
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ойын «Таныс болайық»
Ойынды жүргізудің мақсаты: Әр баланың өмірде өз жолы, өз тағдыры, өз таңдауы бар
екендігіне көңіл аударту.
Шарты: Әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді.
Мыс: Асыл есімі – жаны сұлу, таза, ақылды болсын; Болат – ер жүрек, қайратты, елін қорғайтын азамат болсын; Абай- ұлы ақын сияқты данышпан, халқына сыйлы болсын; Жібек – жаны нәзік, әдемі, сүйкімді болсын, т.с.с.
Балалар жеке жұмыс жасайды. Барлығы өз есімдерінің тарихын айтып шығады.
ІII.Мағынаны тану.
Мәтінмен жұмыс.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл-диалогті пайдалану арқылы оқулықтағы «Таным тағылымы» аңыз әңгімесін оқушылар рөлге бөліп оқиды.
Бірінші данышпан:
Екінші данышпан :
IҮ. Ой толғаныс.
Әр топқа сұрақ беру арқылы ой қозғау
1 топқа сұрақ. Егер сендер сиқыршы болсаңдар қандай үш тілек тілер едіңіз?
2 топқа сұрақ. Сендерде көп ақша болса, не нәрсеге жұмсар едіңіз?
3 топқа сұрақ. Егер сендер ата-анаңыздай үлкен болсаңдар, бірінші кезекте не істер едіңіз?
4 топқа сұрақ. Жаныңдағы достарыңа не үйрете аласыңдар?
5 топқа сұрақ. Сендер өскенде қандай адам боламыз деп есептейсіңдер?
Оқушылар топтық жұмыс орындайды, топ мүшелері ақылдасып, сұраққа жауап береді.
Келесі тапсырма: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау –дәлелдеуге үйрету үшін оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген нақыл сөздерді талдайды. Аудиотаспа арқылы Абайдың қара сөзінен үзінді тыңдайды.
«Егер сен есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, ең болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!»
Абай.
«Дүниеде ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну»
Әл-Фараби.
Дәйексөзді талдау үшін әр топ «жақсы мен жаман» туралы Венн диаграммасы арқылы салыстыру жүргізеді. Топтар жұптық және топпен жұмыс жасайды , пікір алмасады.Тапсырманы топта талқылап, постермен қорғайды.
Жаман
Миға шабуыл.Дарынды оқушыларды анықтау үшін АКТ- слайд арқылы оқушыларға ойлау қабілетін дамытуға логикалық тапсырма беріледі.
Сұрақ: Төрт қорапта ақ. қара, қызыл және жасыл шарлар бір-бірден жатыр. Егер барлық қораптағы жазулар дұрыс емес екені белгілі болса, қай шар қай жәшікте жатыр?
Ж-бы: 1-қорапта ақ, 2-қорап: жасыл, 3-қорап:қызыл ,4-қорап: қара
Топтар слайд бойынша көрсетілген жұмбақтың жауабын іздейді. Тапсырма барысында сыныптың көшбасшылары (лидерлері)анықталады.
V. Сергіту сәті. Балалармен көңілді орта қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығуын жасау.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Үнтаспадан баяу өлең жібере отырып, балалар іс-қимыл жасап,сергіту жаттығуын жасайды.
ҮІ. Сабақты қорыту. Эссе жазу стратегиясы
Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқып бере отырып,дәптермен жұмыс жасауға нұсқау беріледі. Бір
күніңе есеп жаз.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеп үйрену үшін дәптеріне бір күніне есеп беретіні туралы эссе жазып,
топқа таныстырады. Жазбаша жұмыс орындайды
Ой қозғау. Сыни тұрғыдан ойлау- талқылау үшін дәптердегі 1- тапсырманы беру.
Тапсырма. Криптограмманы дұрыс шешсең, “Өзін-өзі тану” туралы Сократтың нақыл сөзін оқисың.
I. Жуан дауысты дыбыс – 1
II. Дауыссыз дыбыс – 2
III. Жабайы аңдардың мекені – 3,4
IV. Бір нәрсенің мәнін айыра білу – 5,6,7,8
V. Жұрнақ – 9,10,11
VI. Даму,өсу,тіршілік – 12,13,14,15
VII. Дауыссыз дыбыс – 16
VIII. Жіңішке дауысты дыбыс – 17
IX. Жалғау – 18,19
X. Айтқан сөзге тұрмау, жалтару – 20,21,22
X1. Дауыссыз дыбыс – 23
XII. Етістік – 24,25,26
XIII. Дауысты дыбыс – 27; XIV. Дауыссыз дыбыс – 28,29
Криптограмма
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 .
12 13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26 27 28 .
Барлық топтар өз бетінше жұмыстанады.Криптограмманы шешу арқылы «өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзін оқиды.
Жауабы: «Өзін таныған, өмірді де тани біледі»
Сократ.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды және бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалайды.
Бағалау бойынша тапсырмаларды жақсы орындаған, көп көзге түскен балалар марапатталады.
Жүректен-жүрекке. Сабақты аяқтау мақсатында шеңбер құрып, оқулықтағы Ә.Орманшинаның «Мен де өсіп келемін» өлеңін хормен айтады.
Рефлексия. Оқушылардан парақша арқылы кері байланыс алынады.
Кері байланыс
1. Бүгінгі сабақтан маған_____________________________________________ _________________________________________________________________ _______________________________________________________ұнады.
2. Мен бүгін ______________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________туралы өзіме қажетін алдым.
3. Сабақта қолданылған оқытудың жаңа тәсілдері (топқа бөлу,диалог,ой толғау,
дарындылықты анықтау,сергіту сәті,әңгімелесу,топтастыру,т.б) туралы өз пікіріңіз__________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Аты-жөніңіз__________________________________ Уақыты:___________
VIII.Үйге тапсырма. Өзін-өзі тану дәптеріндегі 1,2 тапсырмаларды үйде орындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.