.
.
Тақырыбы: «Көңіл күй суреті» жаттығуы «Көңіл күй суреті» жаттығуы
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 293 | Просмотров: 3844 | Размер: 50.5 Kb | Автор: ТәрбиеМақсаты: Балаларға өздерін тануға, адамдармен қарым-қатынаста өздерінің
көңіл күйін басқара біліп жағымды сезім қалыптастырып ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді, көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді біліп алайық: тақтадағы гүлдерге назар аударайық. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондырыуымыз керек. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл-күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.
Талдау
- гүл бетіндегі көңіл күйлерің өте жақсы екен;
- көңілді адамның бет-әлпеті сұлуланып, нұрланып тұрады;
- көңіл-күй адамға қанат бітіреді.
Өзін-өзі бағалау. «Мен қандаймын?» тестіне жауап беру. Алдарыңда қағазда 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өздеріңді қалай қабылдап бағалайтындарыңды анықтаңдар.
№
Мен қандаймын
Иә
Жоқ
Кейде
Білмеймін
1. Мен жақсымын
2. Мен қайырымдымын
3. Мен ақылдымын
4. Мен тиянақты, ұқыптымын
5. Мен тілалғышпын
6. Мен ықыласты, зейіндімін
7. Мен сыпайымын
8. Мен ақылды, қабілеттімін
9. Мен еңбекқормын
10. Мен шыншылмын
Нәтижесін бағалау:
«иә» - 1 ұпай
«жоқ» - 0 ұпай
«білмеймін, кейде» - 0,5 ұпай
Қорытынды
Баяу сазды әуен үнімен гүл бағына барып, өздеріне ұнаған гүлді теріп алып, ең жақын адамына сыйға тарту.
Жақсылықпен жаны дос
Мейірімді, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Осындай жақсылық жасаудан жалықпайтын, оны өзінің парызы санайтын адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі – Гүлжамал апай. Апайымыз адамның көңіл күйі, сезімі, адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас туралы көп түсініктер беріп келеді. Біздің көңіл күйіміз жоқ кезде қиын жағдайдан оңай алып шығып отырады. Сыныпқа апай кіргеннен-ақ ерекше бір сезімде боламыз. Әр оқушының мінезіне сай көңілін баурап, тілін тауып отырады. «Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» деген осыдан қалған деп ойлаймын.
Талапова Дана
5-сынып оқушысы
Госплемстанция негізгі орта мектебі
Теректі ауданы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.