.
.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Бабатай орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Изтлеуова Райгүл Кәрімбайқызы « Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар»
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 383 | Просмотров: 2535 | Размер: 132.0 Kb | Автор: ТәрбиеУчитель самопознаие Бабатайской средней школы Темирского района Актюбинской области Изтлеуова Райгул Каримбаевна
Сабақтың тақырыбы: « Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар»
Мақсаты: Сыныптағы ер балалар мен қыз балалар бойына сыпайылық, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру, ой-өрістерін дамыту.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайд
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.
Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар.
Оқырмандар арасында – халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайыс байқауын бастаймыз.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Сайыс 1 бөлімнен 5 кезеңнен құралған.
Сайыс кезеңдері:
1. Жорға
2. Қонақ күте білеміз бе?
3. Сөздің көркі – мақал.
4. Өнер сайысы
5. Поэзия минуттары
6. Білгенге маржан... (Сұрақ-жауап ойыны)
Сайыс байқауымыздың міндеттерімен таныстырайық.
1. Әр топ мүшелеріне мұғалім кезекпен сұрақтар қояды.
2. Егерде сұрақ қойылған топ мүшесі жауап бере алмаса, онда қарсылас топтан жауап беруіне болады.
3. Сұрақтардың жауаптары «5» ұпайлық белгімен бағаланады.
4. Дұрыс жауап бере алмаған топтың жауаптары бір ұпай кеміп отырады.
Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,
Ешқашан жоғалтпаған ата – салтын.
Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын, -деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
I- кезең: Жорға
Сұрақтар:
1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?
(Бәйге)
2. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?
(Көкпар)
3. Ертедегі елін жаудан қорғаған қазақ батырларының адам жинауын қалай атаған?
(Қол жинау)
4. Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім?
(Тоқтар Әубәкіров)
5. «Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?
(Сырым батыр)
6.Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?
(Ыбырай Алтынсарин)
7.«Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?
(Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)
8.Үш дана кім?
(Абай, Ыбырай, Шоқан)
9.Үш байлық не?
(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
10.Үш жұрт?
( Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын
жұрты)
11.Үш арсыз не?
(Ұйқы, күлкі, тамақ)
12.Үш тәтті не?
(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
13. Үш жүз?
( Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
14. Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесіңдер?
(Бекзат Саттарханов, Ермахан
Ыбырайымов)
15. Қазақстанның атын әлемге жайған қандай балуандарды білесіңдер?
(Әлсейіт Айханов, Дәулет Тұрлыханов)
16. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындады?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым
сәлем, Қаламқас» әнін орындады)
17.«Үш қуаныш» дегеніміз не?
(Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі,
ісіңнің өшпеуі)
18.«Бес қатер» деген не?
(От, жау, борыш, ауру, сөз)
19. Жеті ата ?
( Ата, әке, бала, немере,
шөбере,шөпшек, немене)
20.Дүниежүзілік чемпион атағын алған, алғашқы қазақтан шыққан балуан кім?
(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
Мұғалім : Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, таңдаңыз қымсынбай кеп,
Жауап берсеңдер, сұраққа жарайсыңдар!
II- кезең: Қонақ күте білеміз бе? /интерактивтік тақта арқылы сұрақтар беріледі/
Сұрақтары:
1. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?
(Сыйлы қонаққа)
2. Қандай жілік қыз балаға берілмейді?
(Кәрі жілік)
3. Төс кімге тартылады?
(Күйеу балаға)
4. Шешеңнің әкесі саған кім?
(Нағашы ата)
5. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім?
(Ағайынды адамдардың әйелдері)
6. «Жеңге қойған астың ішінде желке жүреді» дегенде «жеңге» кім?
(Ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі)
7. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім?
(Күйеуге шыққан қыздан туған бала)
8. «Төрт аяқтыда бота тату,
Екі аяқтыда бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім?
(Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балалары)
9. Қазақтарда үй иесінің атауы?
(Отағасы)
10. Баланың тәрбиесін қадағалайтын мейірімді жан?
(Ана)
11. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.
(Әулет).
Мұғалім:
Ата - дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.
III- кезең:
Қазақта «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар.
Мақал-мәтел, ақыл-нақыл аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы аңыздар аз емес. Демек мақал-мәтел, ақыл-нақыл, аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс-ау.
Олай болса, оқырмандармен сергіту сәтін ұйымдастырып, сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды мен бастайын, сендер жалғастырып айтыңдар.
1. Тойдың болғанынан ... (боладысы қызық)
2. Таз таранғанша... (той тарқайды)
3. Әншейінде ауыз жаппас... (той дегенде өлең таппас)
4. Жүзігің алтын болғанша... (жүзің жарқын болсын)
5. Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)
6. Ұяға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым)
7. Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ)
8. Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)
9. Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)
10. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)
11. Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)
12. Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)
13. Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер)
14. Жақсы байқап сөйлейді... (жаман шайқап сөйлейді)
15. Әдепті бала – арлы бала... (әдепсіз бала – сорлы бала)
16. Жақсыдан үйрен... (жаманнан жирен)
17. Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)
18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
Ал тағы да сергіту сәтінде сөзжұмбақты шешуге қалайсыңдар, қол көтеріп, дұрыс жауабын беруге тырысыңдар. Ендеше алға:
Сөз жұмбақ «Асыл жандар»
1. Батырлар жыры
2. Қалыңдықтың бас киімі.
3. Шығыс елдерінің тойлайтын көктем мерекесі.
4. Зергерлік бұйым.
5. Абайдың анасы.
6. Белгілі әнші «Аппақ гүлдер» әнінің орындаушысы.
7. Қазақ халқының батыр қызы?
8. Ұлттық музыкалық аспап.
9. Айтыскер Тастанбекқызы
10. «Өрнек» өнерінің авторы
1 А
2 С
3 Ы
4 Л
5 Ж
6 А
7 Н
8 Д
9 А
10 Р
Жауаптары:
1. Қамбар
2. Сәукеле
3. Наурыз
4. Алқа
5. Ұлжан
6. Ақбота
7. Мәншүк
8. Домбыра
9. Сара
10. Фариза
Мұғалім: Бәрекелді, керемет, сайысымызды одан әрі жалғастырсақ.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Азамат пен арулар, аянбай-ақ жан салыпты.
IV – кезең:
Өнер сайысы Әркім өз өнерін ортаға салады
Мұғалім : Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген,- деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап еді. Қазақ халқы үшін бұл ақынның орны ерекше. Орыс халқы Лермонтов, Пушкин, Есенин деп мақтанса, біз ұлы Абайды, Мұқағалиды айтып мақтана аламыз.
V- кезең:
Ендеше келесі сайыс «Поэзия минуттары» деп аталады.
Ал, кәнеки, кім қандай ақындардың өлеңдерін оқып, таң қалдырар екен! ( Бәрі де керемет өлеңдер оқиды).
VI – кезең:
Мұғалім: Енді мен сендермен « Білгенге маржан...» сұрақ-жауап ойынын бастайын. Қайсыларың тез, нақты жауап бересіңдер екен.
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен оқырмандар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Сұрақ:
1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
2. Руы оның жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Оның өлгені рас болса,
Құдайым, Қыз-Жібекті неге алмайды, - деп кімнің өлімін жоқтап отыр?
(Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы).
3. Бірін-бірі сүйгені үшін қуғынға ұшыраған Еңлік-Кебекке арналған ескерткіш қай жерде?
(Семей жеріндегі Ералы өзенінің бойында)
4. Махаббаты аңызға айналған қазақ сазгері Естайдың сүйіктісіне арналған әні?
(Қорлан)
5. Халық есінде ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кесенесі Қазақстанның қай жерінде?
(Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз жерінде, Таңсық станциясының оңтүстік сілемінде, станциядан 10 шақырым жердегі Тарлаулы ауылынан
өтетін Аякөз өзенінің оң жағасындағы биік дөң басында).
6. Шығыста өткен жеті ғашық. Олар кімдер?
(Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын,Жүсіп-Зылиқа, Бахрам-Күләнда,Сейпілмәлік-Жамал, Бозжігіт-Қарашаш, Зизді-Қорлығайын).
7. Айша – Бибі, Бабаджа, Қарахан мавзолейлері қай жерде?
( Таразда)
Біздің «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайысымыз аяқталуға жақын. Қазылар алқасы осы барлық сайыстың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске берсек.
Ән орындалады.
Мұғалім Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық!
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Оқырманым көбейсін күннен – күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда
Оқырмандарым менің, достарым менің
Бәрің де аман болыңдар!
Әділқазылар алқасы жарыс қорытындысын айтып, « Ең парасатты», «Ең епті», «Ең ақылды», «Ең білімді» деген мақтау қағаздарымен марапаттайды.
Осымен сайыс байқауымыз аяқталды! Барлығыңызға көп рахмет!
Бабатай орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
« Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар»
Өткізген: Изтлеуова Р.К
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.