.
.
Күні: 15.04.13 «Табиғатқа қамқорлық».
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 374 | Просмотров: 7289 | Размер: 84.4 Kb | Автор: ТәрбиеСыныбы: 4 «Б».
Пәні: Өзін-өзі тану.
Мұғалім: Ашуханова Анар Құндыбекқызы
Тақырыбы: «Табиғатқа қамқорлық».
Мақсаты:
Оқушылардың «табиғат» құндылығы және «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру;
-табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;
-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
- Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңаматериалды игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, эвристикалық сұрақтар, әңгіме, ойға шабуыл, иллюстрация және демонстрация.
Көрнекілігі: оқулық, дәптер,бейнетаспа, үш түсті қағаз, қайшы, маркер.
Кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Бейнекөрініс
Мәтінмен жұмыс
Әңгімелесу
Тапсырма
«Жаттығу-ойлану»
Дәйексөз
Дәптермен жұмыс
Қорытынды
Жүректен жүрекке
-Сәлеметсіздерме балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Өте жақсы
-Отырыңдар.
Балалар,барлығымыз шаттық шеңберіне тұрамыз (оқушылар бір бірінің қолынан ұстап, шаттық шеңберге тұрады).
-Балалар , қазір бір-біріңнің қолыңнан ұстап тұрып, менімен бірге өлең жолдарын қайталаңдар.
Ана, бала,қала,дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар сай-сала,
Бүкіл әлем аманбысың, жамиғат!
-Балалар, сендерге табиғаттың адамдарға қандай өтініш білдіретінін ойланып және Қазақстанның қорыққа айналған жерлерін жақсарту туралы ойларыңды жазып келу тапсырылған болатын.Енді соны тексеріп өтейік.
-Қане кім оқиды?
Оқушылар дәптерге жазып келген табиғаттың адамға айтуы мүмкін деген өтініштерін оқып береді және қорыққа алынған жерлерді жақсарту туралы ойларын ортаға салады.
Балалардың ойлары бейнкөрініс арқылы тереңдетіледі.
- Балалар, өздерің айтқандай қазіргі таңда табиғатты қорғаудың ұтымды әрі негізгі жолы – қорықтар салу. Еліміздегі орықтарға алынған жерлерге ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді. Табиғат байлықтары ерекше бақылауда болады. Сондай қорықтардың бірі өзіміздің облысымызға қарасты– Наурзым қорығы туралы бейнекөріністі бірге көрейік.
Көріп болғанна кейін балалардың ол туралы пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады:
- Осы қорықтың табиғат сұлулығы сендерге қалай әсер етті?
- Бұл жердің қорыққа алынуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
- Бұл жер табиғатына сәйкес ерекше аймақтың бірі болып табылады. Қорықта тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппак қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.
Оқушылардың табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
«Табиғат – ана» деген әңгімені бір оқушы мәнерлеп оқиды. Қалғандарымыз тыңдаймыз.
«Табиғат – ана»
А. Мырзағұлова
Табиғат - ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейрімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан – жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – дегенде Табиғат – ана:
- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.
- Балалар, табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?
(Адам барлық керегін табиғаттан алады. Табиғат адамның жер бетінде өмір сүруіне әсерін тигізеді. Табиғат пен адам бір – бірімен тығыз байланыста болады).
- Табиғат – ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?
( Оның балалары адамдарға көмектесіп, игі істер жасады).
- Сендер табиғат – ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?
( Ағаштар отырғызып, шыбықтарды жұлмай, далада қоқысты шапай, өз ауламның таза болуына үлесімді қосар едім).
Оқушылардың түйген ойлары жаттығу – ойлану тапсырмасын орындау барысында тереңдетіле түседі.
-Балалар екі топқа бөлінеді.
1- ші топ: « Табиғат – өмір мәні »,
2 - ші топ: « Табиғат – өмір сәні » деген тақырыптарда өз дәлелдеулерін плакатқа маркермен жазып шығып, өз пікірлерін қорғайды.
-Балалар, назарымызды тақтаға аударамыз.
« Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық» деген халық даналығын қалай түсінесіңдер. (Балалар өз ойларын айтады).
- Біздің ата – бабамыз біздің жақсы өір сүруіміз үшін табиғатты қорғап, күтіп – баптап, сақтап бізге жеткізіп отыр. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін өз ауылымыз бен қаламыздағы ағаш – бұталарды кеспей, санын молайтып, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау – біздің міндетіміз.
-Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын. Мұқият мені тыңдап отырыңдар.
Жұмбақтар
Қар еріп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
(көктем)
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(күз)
Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.
(жаз)
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.
(қыс)
-Өте жақсы, балалар!
-Балалар, табиғат мезгілдеріне сай қандай қамқорлық жасауға болады?
( Мысалы, көктемде ағаш отырғызу, оны жаз бойы баптап, суарып өсіріп, күзде жемісін аламыз).
М.Қуанышбековтың «Отырғыз ағаш көктемде» өлеңін бір оқушы мәнерлеп оқиды.
«Отырғыз ағаш көктемде»
Ыстықта болса көлеңке,
Жемісі шырын тағы бар.
Ауылда әрбір береке,
Күтетін баптап бағы бар.
Бар ма сол сенің ауылыңда,
Жайқалған желек, сая бақ?
Көрдің бе сен де бағыңды
Қамқоры болып аялап?
Жүрсің бе егіп жылда сен,
Қолыңнан өзің бірер тал?
Өйтпесең бала, тыңда сен,
Ақыл – сөзге құлақ сал:
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін!
-Енді, балалар дәптерімізді ашып осы өлеңнің ішіндегі жауап жазасыңдар.
1. Менің қаламда бар. Оны арнайы адамдар күтіп, өсіреді. Бірақ мектепте біздің кабинетте бөлме өсімдіктері бар. Біз соларды күнде суарып, күтеміз.
2.Жоқ. Бірақ болашақта өзім тал егіп, оны күтіп, баптап өсіріп. Қалай жайқалып өскенін көргім келеді.
-Сонымен ,балалар, бүгінгі тақырыптан не түсіндіңдер?
-Табиғатқа не үшін қамқорлық жасау керек?
-Өте жақсы, балалар.
-Балалар барлығымыз ортаға шығып шеңбер құрамыз.
-Енді табиғатты қорғау, күтіп – баптау бойынша «Мен қабылдаған шешім» деп өздеріңнің шешімдеріңді айтып шығасыңдар.
-Табиғатты таза ұстауға шешім қабылдаймын.
-Табиғат қамқоршысы ретінде бұлақ көздерін тазалап отыруға шешім қабылдаймын.
-Табиғатты көркейту үшін әр жылы ағаш егуге шешім қабылдаймын т.б.
Жарайсыңдар балалар! Орнымызға отырамыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.