.
.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 350 | Просмотров: 3632 | Размер: 41.0 Kb | Автор: ТәрбиеМектеп Бітік ОЖББМ Мерзiм__2 11.______ № 9 Тақырып: Жақсы сөз - жанға қуат
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Адалдық , сенімділік, ризашылық
Мұғалiм: Мирманова Толғанай Класс 4 Оқушылар саны__12_
Сабақ мақсаты:
Сүйіспеншілік құндылығы арқылы оқушыларды сөз қадірін білуге, ойланып сөйлей білуге үйрету.
Міндеттері:
Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Ізгілікке, адалдыққа, сенімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 9 сабақ. 48 бет «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқып, талдау.
1.Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
2.Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті ?
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.
Халық мақалы
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.
4. Әңгiмелеу.
Аңыз әңгіме «Жайнап өскен гүлдің құпиясы»
Ш. АМОНАШВИЛИ
Мамасы Ергеннің бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.
Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды – деді мамасы.
Ал Ергенге бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ.
Ол ұнаған гүлін суарған кезде іштей: «Қандай керемет гүл...Мен сені жақсы көремін.» деп ойлап суаратын. Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Мамамның көңілі үшін суарып жүрмін , әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын.
Осылай бірнеше ай өтті.
Бір күні мамасы бір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан:
-Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады.
-Екеуін де бірдей суарып жүрмін - деді баласы.
Мамасы солып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сені емдеймін. Әлі керемет болып өсесің.» - деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезін елестетіп тұратын.
Мына ғажапты қараңыз, мамасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген Ерген:
-Мама, сен бұл гүлдерге не істедің? – деді.
-Өзім де білмеймін! – деп жауап берді мамасы.
Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ олар айта ала ма?!
Сұрақтар:
1. Мамасы баласының бөлмесіне гүлдерді не үшін әкелді?
2. Ерген гүлдерді қалай суарды?
3. Гүлдердің әртүрлі болып өсуіне не әсер етті?
4. Солып қалған гүлдің жайнап өсуінің құпиясы неде деп ойлайсыңдар?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өлеңді толықтыр:
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
............ таси берсің, ізгілікті.
Айналамда нәзік жанды .........,
.............. бір-бірінен көмекті.
6. Топпен ән айту.
Дос болайық, бәріміз өлеңін айту.
Сөзін жазған Х. Талғаров
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
7. Үй тапсырмасы.
8.
10 сабақ 53 беттегі « Екі дос ертегісін» оқып, талдау.
Дәптердегі 9 сабақтағы тапсырма берілді.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Жай музыка қойылады.
Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерді жүректеріңізге түйіп алаңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.