Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1 кластың мектепке бейімделуін қалай ұйымдастыруға болады? -

1 кластың мектепке бейімделуін қалай ұйымдастыруға болады?

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 299 | Просмотров: 1881 | Размер: 20.3 Kb | Автор: Тәрбие
. 1 кластың мектепке бейімделуін қалай ұйымдастыруға болады?
№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының
психологы Жанабергенова Н.А

Мақсаты:Оқушылардың мектепке бейімделуін қалыптастыру,психологиялық жетелеу.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге психологиялық жетелеу қажет және бейімделуін қалыптастыру үшін тренингтер жүргізу қажет.
1 тренинг «Аңшы».
Мақсаты: оқушылардың бұлшық еттерінің босаңсуына көмектеседі.
Өту барысы: оқушылар жүргізушінің нұсқауы бойынша сөзбен қимыл қозғалысты қайталайды.
Бір күні аңшы аң аулауға шығады. Бас киімін киеді, аяқ киімін киеді, қаруын алады...
Сөзі Қимылы
Жол бойымен жүреді Аяқтарыңмен еденді ұрады
Құмнан өтеді Алақандарын уқалайды
Көпірден өтеді Төсін жұдырықтап ұрады
Батпақтан өтеді Қол шапалақтайды
Өткелден өтеді «У-ф-ф» шаршадым


(Төменнен жоғары қарай
орындау)
Ағашқа отырып, жаң жағына қарап ағаш арасынан аюды көріп, қорқып кейін қарай қашады.
Балалар сендерге аңға шығу ұнады ма? Оқушылар өз ойын айтады. Егер балалар шаршамаса жалғастыруға болады.
Келесі жаттығу «Тоты құс».
Мақсаты: қысқа мерзімді есті, зейінді, фонетикалық естуді дамытуға көмектеседі (жақсы нәтиже болып – 5 буыннан көп есте сақтау б.т).
Өту барысы: Бір ыстық елде сиқырлы тоты құс өмір сүрген,ол барлық дыбыстарды жатқа білген. Енді балалар менің артымнан қайталаңыз тоты құс сияқты:
То-ца
То-ца-му-дэ
То-ца-му-дэ-ни балалар жүргізушінің артынан қайталайды
То-ца-му-дэ-ни-зу
То-ца-му-дэ-ни-зу-па
То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки
То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки-ча
Оқушылардан жаттығу туралы ойын сұрау қажет. Балалар сендерге буындарды қайталау қиын болды ма? Егер ия болса қай буындар қайталауға қиын болды? Оқушылар ойы әр кезде ескерілу қажет. Жаттығу барысында оқушыларды жалықтырып алмау керек.
Ал балар енді «Паровоз» жаттығуын орындаймыз.
Мақсаты:Бұл ойынды жаттығудың басында орындаған жақсы. Баланың зейінің анықтауға көмектеседі.
Өту барысы: Оқушылар екіге бөлінеді. Жүргізуші қолын көтергенде оң жақта отырған оқушылар қол шапалақтайды, сол жақта отырғандар алақандарын «қайықша» жасап қол соғады. Екі қолды көтерген балалар «ту-ту!!» деп айқайлайды. Мұнда балаларға сіз жазғы демалысқа бара жатып жолда болған оқиғаны айтып бастауға болады.
Тренинг соңында балалардың көңіл күйін сұрап, қоштасу керек!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.