Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Агрессиялық  мінез құлықты аңықтайтын  сауалнама -

Агрессиялық мінез құлықты аңықтайтын сауалнама

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 534 | Просмотров: 8359 | Размер: 12.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Агрессиялық мінез құлықты аңықтайтын сауалнама
(А. Басс және А. Дарки)

Аты- жөні: ______________________________________________

Сыныбын: ____________

1 Кейбір уақытта біреуге кесір жасау ниетімнен қайта алмай қаламын. Иә Жоқ
2 Кейде ұнатпайтын адамдарым жайлы өсек айтамын. Иә Жоқ
3 Мен тез ашуланамын, бірақ тез басыламын. Иә Жоқ
4 Егер менен жақсылап сұрамаса, мен оның өтінішін орындамаймын. Иә Жоқ
5 Маған тиісті нәрсеге, мен әрдайым ие бола бермеймін. Иә Жоқ
6 Менің сыртымнан адамдар не айтатынын мен білемін. Иә Жоқ
7 Егер мен достарымның мінез – құлқын мақұлдамасам, мен оларға оны сездіремін. Иә Жоқ
8 Мен біреуді алдағанымда арымның мазаланғанын басымнан көшемін. Иә Жоқ
9 Менінше, мен адамға қол көтере алмаймын. Иә Жоқ
10 Мен ешқашан заттарды лақтыратын дәрежеге дейін ашуланбаймын. Иә Жоқ
11 Мен әрқашан біреудің кемшілітеріне мән бере бермеймін. Иә Жоқ
12 Егер де маған бекітілген ереже ұнамаса, мен оны түзегім келеді. Иә Жоқ
13 Басқалар әрдайым қолайлы жағдайларды пайдалана біледі. Иә Жоқ
14 Мен күтпегендей адамдар маған неғұрлым достықпен қараса мен адамдардан өзімді сақ ұстаймын. Иә Жоқ
15 Мен адамдармен жиі келісе бермеймін. Иә Жоқ
16 Кейде менің басыма өзім ұялатын ойлар келеді. Иә Жоқ
17 Егер кімде – кім мені бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін. Иә Жоқ
18 Мен ашуланған кезде есікті қатты жабамын. Иә Жоқ
19 Мен сырттан қарағандағыдан ашуланшақпын. Иә Жоқ
20 Егер кімде – кім өзін бастықпын деп есептесе, мен оған әрқашанда қарсы тұрамын. Иә Жоқ
21 Менің тағдырым өзімді қамықтырады. Иә Жоқ
22 Менің ойымша, мені көп адамдар жақсы көрмейді. Иә Жоқ
23 Егер адамдар менімен келіспесе, мен міндетті түрде сол пікір – таласқа түсемін. Иә Жоқ
24 Жұмыстан жалыққан адамдар, кінәні сезінуі керек. Иә Жоқ
25 Кім маған және менің жанұяма тіл тигізсе, мен ұруға дейін барамын. Иә Жоқ
26 Мен дөрекі әзілдеуге қабілетті емеспін. Иә Жоқ
27 Егер мені мазақ қылса, мен ашуланамын. Иә Жоқ
28 Адамдар өзінен бастық жасағанда, олар таңданбау үшін қолымнан келгенін жасаймын. Иә Жоқ
29 Мен апта, сайын, өзіме ұнамайтын адамдарды көріп тұрамын. Иә Жоқ
30 Көптеген адамдар мені көре алмайды. Иә Жоқ
31 Адамдардың мені сыйлағанын талап етемін. Иә Жоқ
32 Өзімнің ата – аналарыма аз жақсылық жасағаным мені қинайды. Иә Жоқ
33 Мені әр кезде ашуландыратын адамдарға «өзім білемін» деп айтуға тура келеді. Иә Жоқ
34 Мен ашуланудан ешқашан көңілсіз болмаймын. Иә Жоқ
35 Маған тиесілі дәрежеден нашар қатынас туындаса мен ренжімеймін. Иә Жоқ
36 Егер кімде кім мені өзінен шеттетсе, мен көңіл аудармаймын. Иә Жоқ
37 Мен мұны көрсетпесемде, мені қызғаныш билейді. Иә Жоқ
38 Кейде менің ойымша, маған күлетін сияқты. Иә Жоқ
39 Мен ашулансам да, «мықты» сөздерге сүйенбеймін. Иә Жоқ
40 Мен күнәмнің кешірілгенің қалаймын. Иә Жоқ
41 Тіпті егер біреу мені ұрса да, мен сирек жауап қайырамын. Иә Жоқ
42 Менің ойымша болып шықпаса, кейде мен ренжіп қаламын. Иә Жоқ
43 Кейбір адамдар мені өзінің бір қатынасуымен ашуландырады. Иә Жоқ
44 Менің шынымен жек көретін адамдарым жоқ. Иә Жоқ
45 Менің принципім: «Ешқашан өзгелерге сенбеу». Иә Жоқ
46 Егер мені біреу ашуландырса, мен ол туралы не ойлайтынымның бәрін айтуға дайынмын. Иә Жоқ
47 Кейінірек өкінетін, мен көп нәрсе жасаймын. Иә Жоқ
48 Егер мен ашулансам, мен біреуді ұра аламын. Иә Жоқ
49 Мен балалық шағымнан ашуымның сыртқа шыққанын көрсетпеймін. Иә Жоқ
50 Мен әрдайым өзімді жарылайын деп тұрған оқ – дәрі бөшкесі сияқты сезінемін . Иә Жоқ
51 Менің не сезінетінімді бәрі білсе, мені бірге жұмыс істеуге қиын адам деп есептер еді. Иә Жоқ
52 Мен әрқашан адамның маған жағымды бір нәрсе жасауын құпия себептер мәжбүр етеді деп ойлаймын. Иә Жоқ
53 Егер біреу маған айқайласа, мен де айқайлап жауап қайтарамын. Иә Жоқ
54 Сәтсіздіктер менің көңілімді қалдырады. Иә Жоқ
55 Мен басқалармен жиі де сирек те төбелеспеймін. Иә Жоқ
56 Мені қатты ашу қысып, қолыма түскен заттарды сындырғанымды мен есіме түсіре алмаймын. Иә Жоқ
57 Кейде мен төбелесті бірінші болып бастауға дайын екенімді сезінемін. Иә Жоқ
58 Мен кейде өмірдің маған деген әділетсіздігін сезінемін . Иә Жоқ
59 Алғашында мен адамдардың көпшілігі шын айтады деп ойлайтынмын, бірақ қазір мен оған сенбеймін. Иә Жоқ
60 Мен тек ашуланғандықтан ғана ұрысамын. Иә Жоқ
61 Мен дұрыс жасамасам, мені ар – ұятым қинайды. Иә Жоқ
62 Мен өз құқымды қорғау үшін, қара күш жұмсаудан тайынбаймын. Иә Жоқ
63 Кейде мен өз ашуымды, үстелді жұдырықпен ұру арқылы көрсетемін. Иә Жоқ
64 Маған ұнамайтын адамдармен, мен дөрекілеу қатынаста боламын. Иә Жоқ
65 Маған зиян келтіретін жауларым жоқ. Иә Жоқ
66 Егер біреуді орнына қою керек болса, мен оны орнына қоя алмаймын. Иә Жоқ
67 Мен дұрыс өмір сүргенімді жиі ойлаймын. Иә Жоқ
68 Мені төбелесуге дейін апаратын , адамдарды мен білемін. Иә Жоқ
69 Мен ұсақ нәрсеге бола ренжімеймін. Иә Жоқ
70 Мені ашуландырғысы және тіл тигізгісі келетін адамдар жайлы ойлар маған сирек келеді. Иә Жоқ
71 Мен жиі ескерту жасағанымен , оны іске асырмаймын. Иә Жоқ
72 Мен соңғы кездері мылжың бола бастадым. Иә Жоқ
73 Ұрыс кезінде мен әрдайым дауысымды көтеремін. Иә Жоқ
74 Мен адамдарға деген өзімнің жаман қатынасымды жасыруға тырысамын. Иә Жоқ
75 Мен дауласып жатпай – ақ келісе саламын. Иә Жоқ

Жауаптар 8 шкала бойынша бағаланылады:
1. Физикалық агрессия:
«иә» - 1 «жоқ» - о; 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68; «жоқ» - 1, «иә» - о; 9, 7.
2. Жанама агрессия:
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 2, 10, 18, 30, 34, 42, 56, 63; «жоқ» - 1, «иә» - о; 26, 49.
3. Тітіркенушілік :
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72; «жоқ» - 1, «иә» - 0; 11, 35, 69.
4. Негативизм :
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 4, 12, 20, 28; «жоқ» - 1, «иә» - 0; 36.
5. Өкпелеу;
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.
6. Күдіктенушілік :
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 6, 14,22,30, 38, 45, 52, 59; «жоқ» - 1. «иә» - 0; 33, 66, 74,75.
7. Вербальді агрессия :
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 7,15,23,31,46,53, 60, 71, 73; «жоқ»-1. «иә»- 0; 33,66,74, 75.
8. Кінәні сезіну :
«иә» - 1. «жоқ» - 0; 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.
Қарсыласу көрсеткіші 5 және 6 шкалада, ал агрессиялық көрсеткіш (тікелей және мотивациялық) 1, 3, 7 шкаладан көрінеді.
Агрессияның норма көрсеткіші 21 + 4, ал қарсыласу көрсеткіші – 6, 5, 7, +3 тең болған кезде көрінеді.
Әдістемені қолдана отырып агрессиялық жеке адам қасиеті, ал агрессия мінез – құлық негізі ретінде түсінуге болады.

А. Басс және А. Дарки өздерінің сауалнамаларын құру барысында келесі реакция түрлерін көрсетіп кетті:
1. Физикалық агрессия – басқа адамға бағытталған физикалық күш .
2. Жанама агрессия – басқа адамға тікелей бағытталмаған немесе ешкімге бағытталмаған күрт туған агрессия.
3. Тітіркенушілік – кішкентай тітіркену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік).
4. Негативизм – мінез – құлықтағы оппозициялық күй пассивты қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы күреске дейін жеткізетін күй.
5. Өкпелеу – қоршаған адамдарға деген нақтылы және ойдан шығарылған іс - әрекеттерге қызғанушылық пен жеккөрушілік.
6. Күдіктенушілік – адамдарға қатысты сенбеушілік және сақтықтан басқа адамдар зиян келтіруді жоспарлайды дегенге сенушілік.
7. Вербальді агрессия – негативты сезімдерді форма (айқай) арқылы және сонымен бірге сөздік жауаптар мазмұны арқылы (қорғау) көрсету.
8. Кінәні сезіну – субьектінің өзінің жаман адам екендігіне сенімділігі сонымен бірге ар – ұятының жоқтығы сезінуі.
Сауалнама 75 тұжырымдардан тұрады оған зерттелуші «иә» «жоқ» жауабын береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.