.
.
Күні: Горельеф
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 416 | Просмотров: 2133 | Размер: 38.9 Kb | Автор:Сыныбы: 6 «А»
Тақырыбы: Горельеф
Мақсаты: оқушыларды мүсін түрлерімен таныстыру арқылы әсемдікке, әдемілікке баулый отырып өнерге қызығушылықтарын арттыру.
1. Мүсін жасау арқылы оқушылардың қолын, білек саусақтарының бұлшық еттерін дамыту.
2. Ермексаз немесе сазбалшықтан созу, ию тәсілдерін терең меңгертумен бірге әр түрлі материалдардан пайдалану арқылы ұқыптылыққа, тазалыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.
3. Мүсін өнері жөнінде оқушылардың білімдерін тексеру және толықтыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, жеке тапсырмалар беру
Еңбек объекттілерінің нұсқалары: Ермексаз, сазбалшық, стектер.
Көрнекі құралдар: мүсіндердің фоторепродукциялары, мүсіншілердің суреттері.
Пән аралық байланыс: тарих, технология
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Сарамандық жұмыс
5. Бекіту
6. Қорытындылау
7. Бағалау
8. Уйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушшылардың сабаққа қатысымын түгелдеу, дайындығын, сынып тазалығын тексеру. Психологияляқ дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру. Барельеф /оқушылар салған эскиздерін мүсіндеу/
Жаңа сабақ. Мүсіндеу көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық түрін анық көрсетеді.
Мүсіндеудің түрлері
Жұмыр Рельеф
Барельеф Горельеф
Денелер фонның жазықтығынан Фоннан фигуралар көбірек
өз көлемінің жартысынан шығып тұрса
аз шығып тұрса
Мүсіндеу техникасы
Жабыстыру Ою Шекіме Металдау Құю
Мүсін жасауға қажетті материалдар: болат, бетон, пластмасса, және т.б.
Мүсін шығармалары кескіндемедегі сияқты қондырғылы және монументті, сәндік болып бөлінеді. Монументті сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңнын немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының компоненті болып табылады.
Шағын пішінді монументік, станоктық скульптура – дөңгелек скульптураның түрлері, олардың әр қайсысы өзінше әсерлі. Сонымен қатар рельефтерді де мүсіндеуге жатқызу қабылданған.
Қондырғылы мүсін көбіне портрет ретінде ұсынылады. Мүсіндік портреттің негізгі міндеті – кескіндемедегі сияқты адам образын беру.
Рельеф – мүсінді жазықтықта бейнелеу (мысалы, қабырға, күмбез, мүсіндеу ескерткіштері). Тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтықтын бетіндегі мүсіндік бейне.
Алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркем сурет институтын бітіргеннен бері портрет және монументальды сәндік мүсін төңірегінде жұмыс жасайды.
Өзіміздің ауылдағы «Ешкімде ешқешан ұмытылмайды » монументтік ескерткіші горелеф мүсініне жатады.
Мәдени ескерткіштермен таныстыру. Мәдени ескерткіштердің репродукциясын көрсету. Ескерткіштердің бейнелеу өнерінің қай түріне жататынын және қаланың қай жерінде орналасқанын сұрау.
Сарамандық жұмыс. Оқушылар сазбалшықтан немесе ермекзаздан жауқазын гүлін горельеф түрінде бейнелейді.
Бекіту. 1. Мүсін түрлерін ата
2. Мүсін жасау техникасы
3. Рельеф нешеге бөлінеді. Оларды ата
4. Мүсін материалдары
Қорытынды. Оқушылардын жасаған мүсіндерін тексеру, шағын көрме ұйымдастыру.
Үйге тапсырма. Мүсіншілер жайында мәліметтер жинастыру. / Х. Наурызбаев, Т. Досмағанбетов, Микеланджело /
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.