Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сәулет өнері -

Сәулет өнері

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 409 | Просмотров: 1597 | Размер: 70.5 Kb | Автор:
. Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды орта ғасырлық Қазақстанның сәулет өнерімен таныстыру, құрылыстардың ерекшеліктерін көрсету, мешіт, кесенелердің құрылысының маңыздылығын анықтау
Дамытушылық: сәулет өнеріндегі болған өзгерістердің артықшылығын, себептерін, маңызын ашып көрсететін тапсырмаларды орындауға оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, ойлау қызметін одан әрі дамытуға көмектесу,өз беттерімен тарихи деректер іздеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тарихи ескерткіштерді қорғауға баулу, олардың рухани маңызын ұғындыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқтар, қару-жарақ, киім кешектер, киіз үй, еңбек құралдарының суреттері
Техникалық жабдық пайдалану: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: технология пәні, әдебиет пәні, география.
Қолданылатын педагогикалық технология: дамыта оқыту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
Психологиялық дайындық. Сабақ басталар алдындағы көңіл күйлерін смайлик арқылы біліп алып, оқушыларға сәттілік тілеу.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топтың аттары алдын-ала таңдап алынған.Оқушылар орындарына орналасқаннан кейін, әр топқа топтың аттары қандай мағына береді?- деп сұрақ қойылады. Оқушылар өз топ аттарын қорғайды.
1-топ. Қолөнершілер 2-топ. Ұсталар 3-топ. Зергерлер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.
1 топқа қолөнердің дамуына байланысты тапсырма. Диірмен, құмыра (қыш ыдыстардың), шыны суреттері;
2 топқа пышақ, кетпен, соқаның тісі, қару-жарақтар, сүйектен жасалған заттар суреттері;
3 топқа сақина, білезік (зергерлік әшекей бұйымдар), алтын, күмістен жасалған теңгелер, ер тоқым, қорамсақ суреттері үлестіріледі.
Дайындыққа үш минут уақыт. Әр топ осы суреттері қатысты тақырып бойынша мәліметтер келтіреді.

IІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест тапсырмасы бойынша үй тапсырмасы қорытындыланады.
Тест сұрақтары
1. Қыш ыдыстар неден жасалды?
А) саз балшықтан Б) ағаштан В) теріден
2. Қыш құмыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған қала:
А) Ақтау Б) Орал В) Отырар
3. Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған шыны ыдыстар қай ғасырға жатады?
А) Ү ғасырға Б) Х ғасырға В) ІІІ ғасырға
4.Тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаудан туған кәсіптің түрі?
А) қолөнер Б) зергерлік В) ұсталық
5. Сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көп кездесетіндері:
А) Мүйізден жасалған әшекейлер Б) түйреуіш В) түйме
6. Орта ғасырдағы Шаш қаласы қазіргі қай қала?
А) Алматы Б) Ташкент В) Қостанай
7. Қай қалада ешкі түбіттерімен айырбас сауда жүргізілді?
А) Испиджабта Б) Сауранда В) Таразда
8. Бүгінгі көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның орта ғасырдағы қарапайым түрі:
А) Ташнау Б) тоқым В) иқта
9. Үрлеу тәсілімен қандай ыдыстарды жасаған?
А) шыны Б) ағаш В) қыш
10. Ақша сарайы қай қалда болды?
А) Ақтау Б) Орал В) Отырар

ІҮ. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Архитектура дегеніміз не? Архитектура латынша құрылыс деген мағына береді.Құрылыс дегеніміз-жобасы күрделі, биік әсем салынған архитектуралық ғимарат.
2. Қандай кесенелерді білесіңдер және олар кімдерге тұрғызылатын болған?
3. Мұсылман дінінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат қалай аталады?
Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар:
1. Сәндік қолданбалы өнер
2. Архитектуралық құрылыс жүйесі
3. Кесенелер
4. Археологиялық зерттеулер кезінде табылған моншалар


ҮІ. Тарихи терминдерді түсіндіру.
Терракота –сәндеу ісіне оюланған кірпіштер Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш..
Ғаныш- бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы.Қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
«Дискуссиялық өрнек»

Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
1 Айша бибі аңыз бойынша ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген +
2 Арыстан баб кесенесі Тараз қаласының батысында орналасқан +
3 Отырар моншалары құдық суын пайдаланған +
4 Терракота дегеніміз теріден жасалған зат +

Кестемен жұмыс
Р/с Кесене аты Кесене қай жерде орналасқан Кесене туралы мәліметтер
1
2
3
4

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Елбасының мәдени мұра бағдарламасы бойынша тарихи-ескерткіштер қалпына келтірілуде. Барлық қазақстандықтар тарихи-ескерткіштерді сақтаулары қажет. Себебі тарихи-ескерткіштер тарихтың бірден-бір куәгері.

ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма. 19 тақырыпты оқу. Тест құрастыру.
Сабақтың соңында оқушылардың көңіл күйін смайлик арқылы білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.