Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағылшын тілі грамматикасы -

Ағылшын тілі грамматикасы

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 522 | Просмотров: 3871 | Размер: 11.1 Kb | Автор: Тәрбие
. Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№2 мектеп-гимназиясы


Ғ. І. Суқашева

Ағылшын тілі грамматикасы
(10-11 сыныпқа арналған бағдарлама)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министерінің
мемлекеттік 2002 жылғы стандартына және 2009 жылғы
әдістемелік хатына сәйкес.

Түсінік хат.

Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық
деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық,
ынтымақтастық қатынастар орнатуы , шет тілінің маңыздылығын
арттырып отыр.Шетел тілін үйрене отырып оқушы , өз білімін
шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағұлматтар алады,салт –
дәстүрін, мәдениетін таниды.Сауатты жазып сауатты сөйлеу үшін
оқушыға тек қана сөздік қорды молайту жеткіліксіз, сонымен қатар
оқушы грамматикалық сауатты болуы шарт. Ағылшын тілінде
грамматиканы жақсы үйрену тілді жақсы үйренудің негізгі шарты.
Грамматика – тілдің құрлымдық ерекшелігі. Грамматика жоқ
жерде тіл туралы айтуға болмайды. Сондықтан грамматиканы
жақсы меңгерту- тілдің құрлымдық ерекшеліктерін танымдық
жақтан дәл анық түсіндіру. Осы орайда бұл бағдарламалық
курстың оқушыға пайдасы зор.Бағдарламада берілген
грамматикалық тақырыптарды меңгере отырып оқушы оны іс
жүзінде көрсетіп,жеке тапсырмалар арқылы бекітеді.



Күтілетін нәтижелер:

- Белгілі бір шақтарға байланысты сөйлемдерді қатесіз сауатты жазу.
- Фразалық етістіктерді, демеуліктерді, есептік, реттік сан есімдерді,сын есімнің шырайларын дұрыс қолдана білу.
- Сөйлемде түбірді,үтеуді ажырата білу
- Төл сөз бен автор сөзінде шақтарды дұрыс байланыстыра білу
- Ағылшын мақал- мәтелдерінің қазақша баламасын меңгеру
- Оқытылып отырған ел бойынша ұлтық нақыштары мен сол елдің рәміздерін салт-дәстүрін, мерекелерін , басқару органдарын білу.

Мақсат міндеттері:

1. Грамматикалық тақырыптарды меңгерту: етістікке қарап сөйлемдегі шақты, жұрнақ, жалғауды ажырата білу.Есімдіктерді дұрыс қолдану.

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру
.
3.Сөздік қорын дамыту.

4.Ел тану қабілетін жетілдіре отырып сол елдің салт- дәстүрі мен әдет –ғұрыптарын терең меңгерту.

№ Өтілетін тақырыптар Сағат саны мерзімі
1

2.

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20 Present Simple.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises& tests
Past Simple.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises

Future Tense.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises& tests
Revision test

Present Perfect.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises& tests
Present continuous.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises

Past Continuous.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises

Revision Test

Past Perfect.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises
Articles. Articles in Predicative.
The article with professions.
Theoretical method: explaining
Adjectives. Degrees of comparison.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises
Revision Test

The Pronouns.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises

The Verb. Modal verbs.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises

Passive Voice. Forming the Passive Voice
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises
Revision Test

The Numerals
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises
Prepositions.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises
The Noun. Countable and Uncountable nouns.
Theoretical method: explaining
Practical method: doing exercises

Revision Test 2

2

2

1

2

2

2

1

2

2

2
1

2


1

2

1

2

2

2


1

34 сағ.
1-2. Жалпы осы шақтың (күнделікті, әрқашан, әдетте , жиі, сирек
т.б.) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерде қолданылуы.
3-4. Өткен шақтың қолданылуы. Дұрыс және бұрыс етістіктер.
Көмекші етістік «did» . Сұраулы, болымды, болымсыз сөйлемдер.
5-6. Келер шақтың қолдану ерекшеліктері «to be going to do
something» құрлымы мен оның ерекшеліктері.
7.Өткенді қайталау.Оқушы білімін тексеру . Тест жұмысын алу.
8-9. Аяқталған осы шақ туралы мағұлмат беру. Болымды,
болымсыз, сұраулы сөйлемдердің жасалу жолы. Never, just, ever
үстеулерінің сөйлемде қолдану ерекшеліктері.
10-11. Созылыңқы осы шақ , жасалу жолы « ing» жалғауының
қолданылуы.
12-13. Созылыңқы өткен шақты меңгерту сөйлем құрлымы,
жасалу жолы.
14 .Меңгерген материалдарға бақылау жұмысы, жазба жұмысы.
15-16. Аяқталған өткен шақты меңгерту, жаттығу жұмыстары.
17-18. Артикльдер. Белгілі және белгісіздік артикльдері. Ел, жер,
су аттарына байланысты қолдану ерекшеліктері.
19-20. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Жай, салыстырмалы,
күшейтпелі шырайлар.Дұрыс және бұрыс сын есімдердің жасалу
жолдары.
21. Бақылау жұмысын алу.
22-23. Есімдіктер. Жекеше және көпше түрі. Жіктелуі.
24-25. Етістіктер. Can, May, Must модальды етістіктерінің қолдану
ерекшеліктері.
26-27. Ырықты , Ызықсыз етіс. Айырмашылықтары, жасалу
жолдары Ырықсыз етісте қолданылмайтын етістіктер.
28. Бақылау жұмысы.
29-30.Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер. Реттік сан есім
жасайтын жұрнақтар. Ережеге бағынбайтын реттік сан есімдер.
Сағат айтуды меңгерту.
31-32. Демеуліктер туралы мағұлмат. Сөйлем және сөз
тіркестерімен қолдану ерекшеліктері.
33-34. Зат есім. Саналатын , саналмайтын зат есімдер. Жекеше ,
көпше түрі. Жіктелуі. Қорытынды бақылау .

Пайдаланған әдебиеттер

1. Курасовская И. Грамматика английского языка.
2. Справочник школьника. Москва
3. И.А.Грузинская Грамматика английского языка.
4. Рогова Г.В. Английский за два года.
5. Клементьева Т.Б. Шеннон Д.А. Счастливый
английский – 2. Учебник 7-9 кл.
6. Английский язык – учебно-методическое пособие и сборник тестов для поступающих в ВУЗ.
7. Книга для чтения. Счастливый английский – 2. Клементьева Т.Б.
8. Грамматика английского языка в таблицах. ООО «Виктория плюс».
9. Приложения журналу «Иностранные языки в школе».
10. Республиканский методика-педогогический журнал «Иностранный язык в школе».
11. Essential Grammar in Use. Raymond Murphy.
12. Курасовская И. Грамматика английского языка.
13. И.А.Грузинская Грамматика английского языка.
14. Клементьева Т.Б. Шеннон Д.А. Счастливый
английский – 2. Учебник 7-9 кл.
15. Книга для чтения. Счастливый английский – 2. Клементьева Т.Б.
16. Грамматика английского языка в таблицах. ООО «Виктория плюс».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.