.
.
Назигул Ескендирова Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 276 | Просмотров: 2023 | Размер: 15.4 Kb | Автор: Тәрбие«Жүзағаш орта мектеп- бақшасы»КММ,қазақ тілі пәні мұғалімі. ШҚО, Үржар ауданы, Шолпан ауылы.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.Сондықтан оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін пәннің пәрменділігін арттыруда берілетін шығармашылық тапсырмалардың рөлі зор.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің қайнар бұлағы. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі бағдары – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп даярлау.
Мектепте оқытылатын тіл,әдебиет пәні оқушыларға өмірді, шындықты, қоғамды, сол қоғамда өмір сүретін адамдарды тануға жәрдемдеседі, өмірге көзқарасын қалыптастырады, сөйлеу, жазу мәдениетіне баулиды. Демек, оқушыларды білім алуда тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді ізденімпаз,барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Оқушылардың өз бетінше атқаратын шығармашылық іс-әрекетін,белсенділігін дамыту мәселесі, оларды жан-жақты ойлай білу дағдысына үйрету ісі өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі күні оқу үрдісіндегі түрлі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Осыған орай, педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістеиелерді қолдануды өзіме талап қылған едім. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз тәжірибемде оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын қолданып жүрмін. Бұл технологияның бір ерекшелігі – оқушының білім алуына жан-жақты ықпал етуі. Тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгеріп қомай, жеке тұлғаның танымдық және өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін жан-жақты дамытуға жетелейді. Шығармашылық ізденістер,логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру; оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу; оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы; мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі. Мысалы: «»Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың нәтижесінде:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады,
- ұжымдық, ынтымақтастық қатынас орнайды,
- өзара қарым-қатынас деңгейі өзгереді,
- шәкірттер бір-біріне маңызды сұрақтар қоя білуді үйренеді.
- өзгелердің пікірін сыйлауға үйренеді,
Өз сабақтарымда төмендегідей шығармашылық жұмыстарын жүргіземін: ой толғау, эссе, бес жолды өлең, әңгіме, өз пікірлерін жазу, тақырыпқа сай сурет салу, кеспе даярлау, тест тапсырмаларымен жұмыс істеу немесе тест тапсырмаларын құрастыру, мақалдың жалғасын табу, сөзжұмбақ құрастыру және т.б.
Оқушылардың шығармашылық жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап,іс-тәсілін анықтап,оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Оқушылардың шығармашылық әрекеті білім алу қажеттігімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі ең алдымен белсенділікке байланысты, ол белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін шығармашылық әрекеті оның белсенділігін арттырады. Шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізу оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей.Бұл әдіс шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарын жүргізуде өте тиімді әрі оқушының ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытады. Өз сабақтарымда байқағаным, шығармашылық жұмыс жасау-жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады, себебі оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсеге өз ұсынысын, ойын еркін айта да , жаза да біледі. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі-білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.