Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құстардың  королі (литван халық  ертегісі) -

Құстардың королі (литван халық ертегісі)

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 312 | Просмотров: 1661 | Размер: 26.6 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні:8.05.2013 Пәні: әдебиеттік оқу Сынып: 4 Б
Сабақтың тақырыбы: Құстардың королі (литван халық ертегісі)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын,негізгі ойын түсіну.
Ертегі кейіпкерлерін сипаттай алуы.
Табыс критерийлері: • Ертегі мазмұнын түсіне алады.
• Ертегі кейіпкерлері туралы өз ойларын жеткізе алады.
• Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
Сабақтың әдісі:
Бағалау: Топтастыру,топтық,жұптық жұмыс,Жиксо әдісі
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүректен-жүрекке.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)
(2 минут)
Үй тапсырмасын тексеру 1.Өлең бойынша бір-біріне сұрақтар қою
2.Өлеңді мәнерлеп оқу (5 минут)
Қызығушылықты ояту Топтастыру топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау (спикер,хатшы,басшы)
1-топ: «Құс» 2-топ: «Король»
3-топ: «Ертегі» (6 минут)

Мағынаны тану Мағынаны тану (түсіну, қолдану)
Ертегіні оқып,танысу. ЖИКСО әдісін қолдану
(мәтінді 4 бөлікке бөлу,1,2,3,4-ке саналу,оқу,түсіну,сосын өз топтарына келіп түсіндіру)
(10 минут)
Ашық сұрақтар қою -Қыран король болуға шынында лайықпа?
-Титтей құстың талабына көзқарасың қандай?
-Ертегідегі кішкентай құсқа қандай ақыл айтар едің?
(жұпта талқылау)
(5 минут)
Сергіту сәті Үнтаспадан құстардың үнін тыңдау,ажырату
(2 минут)
Шығармашылық жұмыс «Ертегіні қалай өзгертер едің?» постер жасау,қорғау
(10 минут)
Қорытынды
Рефлексия Бағалау (бағалау) Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.
-Не ұнады? -Не ұнамады? (5 минут)

Күні:14.05.2013 Пәні: әдебиеттік оқу Сынып: 4 Б

Сабақтың тақырыбы: Мазай атай және қояндар
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқып,өз ойларын айтуға үйренеді.
Табыс критерийлері: • Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
• Ашық сұрақтарға жауап бере алады.
• Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
Сабақтың әдісі:
Бағалау: Топтастыру,топтық, жұмыс,
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг «Қошемет» (2 минут)
Үй тапсырмасын тексеру Ертегіні қалай аяқтар едіңдер?
(3 минут)
Қызығушылықты ояту Мультфильмнен үзінді көрсету «Мазай атай және қояндар»
Сұрақ-жауап (8 минут)
1.Оқиға қай жерде,жылдың қай мезгілінде болған?
2.Мазай атай қандай адам екен?
3.Мультфильм саған қандай әсер қалдырды?


Мағынаны тану (түсіну, қолдану)
Жұптық жұмыс (оқушыларды ертегі кейіпкерлері бойынша жұпқа бөлу)
Өлеңді рөлге бөліп оқу (10 минут)диалогтік оқыту
Сергіту сәті «Көңілді қояндар»
(2 минут)
Шығармашылық жұмыс Блум таксономиясы бойынша (топтық жұмыс)
1.Ертегідегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
2.Өлеңнің негізгі ойы не туралы деп ойлайсың?
3.Мазай атай қандай адам деп ойлайсың,сен оны кездестірсең оған қандай сұрақ қояр едің?
4.Егер Мазай атай болмағанда қандай жағдай болар еді?Қалай ойлайсыңдар?
5.Қояндардың атынан Мазай атайға қандай хат жазар едің.
6.Мазай атайдың ісін қалай бағалайсыңдар?
(15 минут)
Қорытынды
Рефлексия Бағалау (бағалау) Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.
-Қандай әсер алдыңдар? -Не ұнамады? -Не ұнады? (5 минут)

Күні:16.05.2013
Пәні: әдебиеттік оқу Сынып: 4 Б
Мақсаты: Мысал өлеңнің негізгі ойын түсіне отыра
Табыс критерийлері: • Мысал өлеңнің негізгі ойын түсінеді
• Мазмұнын түсіне отыра өмірмен байланыстыра алады
• Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
Сабақтың әдісі:
Бағалау: Топтастыру,топтық, жұмыс,
Бағалау парағы,критерийлер арқылы бағалау,кері байланыс
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг «Менің есімім» (2 минут)
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың ертегі бойынша ашық сұрақ қоюы
(3 минут)
Қызығушылықты ояту Топқа бөлу (кептер,құмырсқа,аңшы) суреттер арқылы
Миға шабуыл (7 минут)
--Кептер туралы не білесіздер?
-Құмырсқа жайлы не айта аласыңдар?
-Аңшы деп кімдерді айтамыз?
-Әр сөзді қалай сипаттап берер едіңдер?

Ойтолғаныс Мағынаны тану (түсіну, қолдану)
Аудио мәтінді тыңдау «Көк кептер мен құмырсқа» (3 минут)
Ашық сұрақтар
-Мысалдың негізгі ойы неде?
-Осы мысалдағы кептердің қандай қасиетін аңғардыңдар?Қалай?
-Құмырсқаның қылығы жайлы не айта аласыңдар?
Мысалды мәнерлеп оқу (жұптық жұмыс) (10 минут) диалогтік оқыту
Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс
Әр топ мысалға байланысты мақал-мәтелдер жазып,мысалдың негізгі ойын өмірмен байланыстыру,мәтін құрастыру,
бес жолды өлең жазу
(15 минут)

Қорытынды
Рефлексия Бағалау (бағалау) Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.
-Қандай әсер алдыңдар?
-Сенің ойыңша сабақтың қай кезеңі жақсы болды?
(5 минут)

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Николаевка орта мектебі

Әдебиеттік оқу пәнінен
сабақ жоспарлары
4 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі:Окасова Г.М.

2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.