Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Зергерлік өнер» -

«Зергерлік өнер»

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 761 | Просмотров: 2048 | Размер: 22.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Қарашоқы орта мектебінің химия пәні мұғалімі –Б. Шабденованың «Металдар химиясы» қолданбалы курс сабақ жоспары
Уақыты: 21.05. 2014ж Пәні: Химия Сыныбы: 10а (ЖМБ)
Сабақ тақырыбы:

«Зергерлік өнер»
Жалпы мақсат:

 Металдарды өңдеп, өнім алу туралы түсініктің қалыптасуы
 Білімдеріне сүйене отырып жоба құрып үйрену, біліктерін дамыту;
 Тұрмыста пайдаланатын заттардың жасалуына іс жүзінде көз жеткізіп, мамандыққа баулып, тәрбиелеу.

Сілтеме:

Білім стандарты. Химия пәні мен қолданбалы курс бағдарламалары. Химия 9-10 сыныптар оқулықтары. Интернет пен энциклопедия материалдары
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

 Зергерлік туралы түсініктерін тереңдету;
 Жоба нәтижесі қандай болатынын болжай алады, теорияның практикада өзгеру себептерін түсіндіру;.
 Өмірде қажет жағдайда қолдану.
Негізгі идеялар:


Металдар мен оларды қолдану туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы Елбасы – Н.Назарбаевтың атадан балаға мұра болып қалатын кәсіппен айналысу жөніндегі пікірін назарға алу.
Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар, интернет желісіне қосылған ноутбук.
Көрме: металдан жасалған монеталар, қолдан соғылған 19ғ.күміс білезігі, қылыш;
Оқушылардың оқу жылы барысында ғы дайындаған рефераттары мен буклеттері.
Оқыту әдістері:
Жоба қорғау
Дерек көздері:

Оқулық 9-10(ЖМБ) сынып, жұмыс дәптері, интернет желісі.
Тапсырмалар:


жеке
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім іс – әрекеті:
 «Білімнің алмайтын қамалы жоқ!» сыныпта жағымды ахуалды қалыптасытру.
 Смайликтер арқылы кезектерін анықтау . Оқушының іс – әрекеті:

 Оқушылар бір – біріне тілектерін айтып, жобаларын №5 химия кабинетіндегі компьютерге флешка арқылы салады .

ІІ. Қорытынды сабақ (мақсатын айту)


Мұғалім іс – әрекеті:
«Қарлы кесек» сұрақ – жауап
Құймалардың анықтамасы?
Зергер дегеніміз кім?
Қолданбалы өнер дегеніміз не?
«Атакәсіп – елге нәсіп» дегеніміз не?
Алтын құймасында мыс немесе күміс бар екенін
қалай білуге болады?
Мамандықты тек қана ЖОО – да ақып қана игеруге бола ма ?
Оқушының іс – әрекеті:
Жауап беру барысында
өзінің ой – пікірін қоса білдіру;
Сұрақ қою арқылы қосымша мәлімет алу; т.б.

ІІІ. Жоба қорғау барысында
Оқушының логикалық қабілетін дамыту
Тапсырмалардың жүйелі орындалуын қадағалау
Оқушыны одан әрі дамыту схемасы бойынша түсінігін талдап, тыңдау
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен жұмыс, оқушылардың пікірін тыңдау.



 Оқушылар металдар және зергерлік өнер туындылары туралы мәліметтерді таныстырады - жинақтайды;
 Берілген тапсырма бойынша зерттеу, талдау, сараптау, ұсыну, дәлелдеу, қайта қарастыру жұмыстарын жүргізеді;
 Компьютерлік сауаттылықтары дамиды;
 Өзіне, жасаған ісіне қанағаттану сезімі пайда болып, нәтижеге көз жеткізеді

ІҮ. Эксперттік жұмыс
Сарапшылар іс – әрекеті:
 Бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер жинап, өңдеуіне баға беру;
 Теориялық білімдеріне баға беру;
 Практикалық іс – әрекеттерін бағалау Оқушының іс – әрекеті:

 Тақырыпты жан – жақты таныстырады
 Берілген уақыт ішінде жоба қорғайды.

Ү. Шығармашылық тапсырмалар
Мұғалім іс – әрекеті:
 Металдар химиясы мен құймалардан тұрмыста және жеке бастарына қажет әшекейлік бұйымдар мен қару - жарақтар үлгілерінің тізімдемесін ұсыну, таңдату Оқушының іс – әрекеті:
 Компьютерде слайдтар құрып, тапсырманы тұсаукесер түрінде орындайды, қорытындыларын жазады, көрсетеді

ҮІ. Қорытындылау
Мұғалім іс – әрекеті:
 Мұғалім – оқушы арасындағы диалог,
 Оқушы – оқушы арасындағы диалог формаларымен пікір алмасу жасау.
Оқушының іс – әрекеті:

Сұраққа жауап беру, талдауға қатысу, нәтижесін дәлелдеу, т.б.

Келесі оқылым: «Металлорганикалық қосылыстар – жаңа технологиядағы орны», 11 сыныпқа дайындық
Үйге тапсырма: Сынаққа дайындық, курс бойынша қайталау.



ҮІІ. Бағалау
Мұғалім іс – әрекеті:

Арнайы бағалау парағында сарапшылармен бірге формативті бағалау;
«Мадақтама грамоталарын» тапсыру Оқушының іс – әрекеті:

Өзін – өзі бағалау, өзгелерге баға беру.

ҮІІІ. Рефлексия
Мұғалім іс – әрекеті:
Стикерлерді тарату, «Қоржынға» жинақтау.

Оқушының іс – әрекеті:
«Не білдім, нені білмедім, нені білгім келеді?» стикерге өз пікірін жазып тақтаға іледі.

Оқу ісінің меңгерушісі: К. Салимбаева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.