.
.
Түсінік хат Жасуша құрылысы
Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 676 | Просмотров: 8352 | Размер: 528.0 Kb | Автор: ТәрбиеҚазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау курстары оқу бағдарламасының негізі бөлігі болып қалыптасып келеді. Бұл курстар бір жағынан оқушыларды биология пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әрине әртүрлі оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі жұмыстар. Ал , бірақ олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде биологиялық эрудициялы тұлға қалыптасады.
І. Өзектілігі: Олимпиадаға дайындаудың қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған әдебиеттер немесе мұғалімдерге арналған нұсқаулар жоқтын қасы. Нұсқаулардың болғанның өзінде орыс тілінде жазылған немесе кез келген мұғалімнің қолына түсе бермейтін тапшы әдебиет екені белгілі. Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік-нұсқаулар арқылы пән мұғалімдері тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып , оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Бул курста биологиядан өткен аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда кездескен тапсырмалар жинақталған. Сондықтан бұл оқулық ең бірінші оқушыларын олимпиадаларға дайындайтын ұстаздаздар үшін таптырмас көмекші құралдың бірі.
ІІ. Проблема: Олимпадаға дайындық курсына қатысқан оқушылардың барлығы бірдей бірден жоғары нәтиже көрсетеді деген ұғым алайда , өмірде шындыққа айнала бермейді. Ол жалғыз мұғалімнің шеберлігіне ғана байланысты емес. Біздің алдымызда тұрған мәселенің бірі оқушылардың өз бетімен шығармашылықпен, ізденіспен айналыспауы. Егер оқушы тек мұғалімнің бергеніне ғана қанағаттанып, өз тарапынан ізденбесе, әдебиеттерге үңілмесе нәтиже бола бермес. Сондықтан олимпиада курсында мұғалім алдына қойған міндеттің бірі оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге итермелеу, ынталандыру болып саналады.
ІІІ. Мақсаты:. Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Арналған бағдарлама мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға бұл пәнді игеруді жеңілдету мақсаты көзделген. Бұл курста өсімдіктану (ботаника) курсын терең меңгеруге жасалған.
IV. Міндеттері:
1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
3. Өсімдіктану бойынша курсты тереңдету;
V. Бағдарлама объектісі:
Бағдарлама олимпиадаға дайындалатын оқушыларға арналған
VІ. Күтілетін нәтиже: Іздемпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы шығару.
VІI. Кімдерге арналған: Оқушылар мен ұстаздарға көмекші құрал Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені білу керек:
- микроскоптың құрылысын;
- жасушаның зерттелу тарихын;
- жасушаның құрылысын;
- өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығы мен ұқсастығын;
- биологиялық анықтамалар мен терминдерді;
- өсімдіктерде болатын физиологиялық әрекеттер
- биологиялық үдерістер анықтамасын
Оқушылар нені істей алу керек:
- жарық микроскобы мен ылғалды препараттарымен жұмыс істеу;
- жасушаның бөліктерін танып оны суреттен көрсете алу;
- микроскопттық қарапайым зерттеулерге препарат дайындай алу;
- қызықтыратын тақырыптар бойынша реферат немесе баяндама жасай алу;
- қазіргі таңдағы әртүрлі биологиялық кітаптармен жұмыс істеу алу;
Методикалық нұсқаулар:
- жарық микроскоптарын пайдалану,
- интерактивті тақтаны сабақтарда пайдалану,
- ұлпа түрлерін көрсетуге арналған ылғалды препараттарды дайындау;
- қосымша әдебиеттерден ақпарат жинау;
Курстың мазмұны
І. Жасуша құрылысы (8 сағат)
Жасушаның ашылу тарихы. Жасушаның құрылысы. Жасуша қабықшасы. Жасуша құрамындағы бірқабатты, екіқабатты және қабатсыз органоидтар. Олардың құрылысы мен ағзадағы қызметі. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІІ. Гистология (6 сағат)
Ұлпа дегеніміз не? Ұлпалардың түрлері. Құрылысы жай (бір ғана жасушалар түрінен тұратын) және күрделі (бірнеше типті жасушалардан құралған) ұлпалар. Меристема, олардың түрлері. Қызметі мен ерекшелігі. Паренхима. Паренхиманың қосымша түрлері. Өткізгіш ұлпалар. Флоэма мен ксилеманың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктердегі транспорт. Осмос. Диффузия тірек ұлпасы. Склеренхима. Колленхима. Склереида . Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІІІ. Өсімдік мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы (9 сағат)
Тамыр, сабақ, жапырақтың анатомиялық құрылысы, олардың бірінші реттік және екінші реттік қалыңдауы. Гүлдің құрылысы. Аналықтың орналасуына байланысты жемістердің түрлері. Апокарпты, синкарпты, лизокарпты, псевдокарпты. Даражарнақты және қосжарнақты тұқымдардың құрылысы мен бір-бірінен айырмашылықтар мен ұқсастықтары. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІV. Тірі ағзалар дүниесі (11 сағат)
Вирустар. Вирустардың құрылысы, түрлері, олар тудыратын аурулар. Бактериялар. Бактериялардың тіршілігі. Граммоң және граммтеріс бактериялар. Бактериялар тудыратын аурулар. Саңырауқұлақтар. Төменгі сатылы саңырауқұлақтар. Оомицеттер, дейтридиомицеттер, хитридиомицетер, базидиомицеттер. Төменгі сатылы өсімдіктерге жалпы шолу. Балдырлар , мүктер, қыналар және олардың тіршілік ету формалары. Олардың көбеюі мен дамуы. Мүктер, қырықбуындар, плаундар, папоротниктер. Олардың тіршлігі, көбеюі, дамуы, ерекшіліктері. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
V. Жануарлар әлемі (34 сағат) Қарпайымдылар (7 сағат)
Қарапайымдылар әлемі . Саркомастигофоралылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Споралылар типіне жататын жәндіктер . Безгек паразитінің тіршілік әрекеті. Инфузориялылар типіне жататын жәндіктердің тіршілігі. Книдоспоралылар және микроспоралылар типіне жататын жәндіктер. Өздік жұмысы. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
VІ. Көпжасушалылар (12сағат) Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Жұмыр құрттар типінің ерекшіліктері. Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктер. Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Шаянтәрізділердің тіршілік әрекеттері. Өрмекшітәрізділердің түрлері мен олардың бір-бірінен айырмашылықтары. Бунақденелілердің ауыз аппараты , қанаты бойынша жіктелуі. Былқылдақденелілер типіне жататын жәндіктер. Тестпен жұмыс. Өздік жұмысын орындау.
VІІ. Хордалылар (15 сағат)Бассүйексіздер өкілі- қандауырша. Қандауыршаның буылтық құрттардан айырмашылығы. Жақауыздылар класына жататын көпжасушалылар. Сүйекті және шеміршек балықтардың айырмашылықтары . Қосмекенділер немесе амфибиялар. Жорғалаушылар немесе рептилиялар. Құстардың ұшуына байланысты ерекшіліктері. Сүтқоректілердің ерекшілігі мен тіршілігі. Өздік жұмысы (тапсырмалар орындау). Қорытынды сабақ
Күнтізбелік жоспар
Барлығы 102 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Сабақ түрі Мерзімі
І. Жасуша құрылысы (18 сағат)
1 Жасушаны зерттеу тарихы. Жарық және электрондық микроскоп. 1 лекция
2 Жасуша құрылысы. Жасуша қабықшасы. Цитоплазма. Плазмодесма 3 лекция
3 Ядро. Ядрошық. Ядро шырыны 2 лекция
4 Эндоплазмалық ретикулум. Рибосомалар. Гольджи аппараты. Лизосомалар .Вакуоль 4 лекция
5 Митохондрия. Пластидтер. Хлоропластар. Фотосинтез пигменттері 3 лекция
6 Микротүтікшелер. Микрокірпікшелер. 2 лекция
7 Тестпен жұмыс істеу 2
8 Олимпиадалық тапсырмалар орындау 1
Гистология (12 сағат)
9 Меристема және меристема түрлері 2 лекция
10 Паренхима. Перицикл. Мезофилл. Өң. Эндодерма 2 лекция
11 Тірек ұлпасы. Колленхима. Склеренхима. 2 лекция
12 Өткізгіш ұлпалар. Флоэма. Ксилема . Өсімдіктердегі транспорт. Осмос. Диффузия. 3 лекция
13 Тестпен жұмыс 2
14 Олимпиадалық тапсырмалар орындау 2
Өсімдік мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы (20 сағат)
15 Тамыр. Тамырдың анатомиялық құрылысы 3 лекция
16 Сабақ. Сабақтың анатомиялық құрылысы 3 лекция
17 Жапырақ. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. 3 лекция
18 Гүл. Гүлдің құрылысы. Гинецей түрлері 3 лекция
19 Жеміс. Жеміс түрлері. 2 лекция
20 Тұқым. Даражарнақты және қосжарнақты тұқымның құрылысы. Тұқымның таралуы мен өнуі 2 лекция
21 Тестпен жұмыс 2
22 Олимпиадалық тапсырмалар орындау 2
Тірі ағзалар дүниесі (18 сағат)
23 Вирустар. Вирустардың тіршілігі мен дамуы 2 лекция
24 Бактериялар. Бактериялардың түрлері. Ауру тудыратын бактериялар. 2 лекция
25 Саңырауқұлақтар. Төменгі сатылы және жоғары сатылы саңырауқұлақтар. 3 лекция
26 Төменгі сатылы өсімдіктер тармағы. Балдырлар. Мүктер. Плаундар. Қырықбуындар. Қырықжапырақтәрізділер. 3 лекция
27 Жоғары сатылы өсімдіктер. Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер. 2 лекция
28 Тестпен жұмыс 2
29 Олимпиадалық тапсырмалар орындау 2
30 Қорытынды сабақ. Мектепішілік олимпиада 2
Жануарлар әлемі (34 сағат)
31 Қарапайымдылар әлемі 1
32 Саркомастигофоралылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері 1
33 Споралылар типіне жататын жәндіктер . Безгек паразитінің тіршілік әрекеті. 1
34 Инфузориялылар типіне жататын жәндіктер тіршілігі 1
35 Книдоспоралылар және микроспоралылар типіне жататын жәндіктер 1
36 Өздік жұмысы. Олимпиадалық тапсырмалар орындау. 2
Көпжасушалылар (12 сағат)
37 Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері 2
38 Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері 1
39 Жұмыр құрттар типінің ерекшілктері 1
40 Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктер 1
41 Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Шаянтәрізділер. Өрмекшітәрізділер. Бунақденелілер. 4
42 Былқылдақденелілер типіне жататын жәндіктер 1
43 Тестпен жұмыс. Өздік жұмысы 2
Хордалылар (15 сағат)
44 Бассүйексіздер өкілі- қандауырша 1
45 Жақауыздылар класына жататын көпжасушалылар 1
46 Сүйекті және шеміршек балықтардың айырмашылықтары 2
47 Қосмекенділер немесе амфибиялар 2
48 Жорғалаушылар немесе рептилиялар 2
49 Құстардың ерекшіліктері 2
50 Сүтқоректілердің ерекшілігі мен тіршілігі 2
51 Өздік жұмысы (тапсырмалар орындау) 2
52 Қорытынды сабақ 1
Өсімдік ұлпалары туралы түсінік
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің денесі құрылымы әртүрлі белгелі бір қызмет атқаратын жасушалар тобынан тұрады. Оны Н.Грю (1671) ұлпалар деп атауға ұсыныған. Жасушалардың бір типінен тұратын және белгілі бір ғана қызмет атқаратын ұлпаларыды қарапайым ұлпалар деп, ал жасушалардың әр түрлі типтерінен тұрып, бірнеше қызмет атқарса күрделі ұлпалар деп атайды.
Түзуші ұлпалар (Меристемалар)
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы олар өмір бойы өседі.Өсімдіктерге тән мұңдай өсу ерекшелігі олардың денесінде түзуші ұлпалардың болуына байланысты.
Түпкідікті ұлпалардың клеткаларын жасап,үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды түзуші ұлпалар немесе меристемалар деп атайды.Меристема(гректің «меристос»-бөлінгіш және «стема»-ұлпа деген сөздерінен алынған)-бөлінуге қабілетті ұлпа.Меристема клеткаларының өздеріне тән цитологиялық ерекшеліктері бар.Олар майда,ядросы ірі,клетка қабықшасы жұқа,клеткалар өзара тығыз орналасады.Клеткаларының пішіні төрт бұрышты,изодиаметрлі,көп қырлы,кейбіреулері жіңішке,ұзын болп келеді.
Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт(кейбір ағаштарда мың жылға дейін) сақталады.Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбе меристемасының ең жоғарғы клеткалары(кейбіреулерінде бір ғана клетка) шексіз рет бөлініп жас клеткалар жасап,қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемалық қасиетін үнемі сақтап отырады.Мұндай клетканың саны біреу болсы,оны инициальды ицициалдар деп атайды.Қырықбуындардың өркені мен тамырының ұшында орналасқан ициальды клетканың саны біреу,пішіні үш бұрышты,оның төбе меристемасындағы инициальды клеткалардың саны көп,олар басқаларынан гөрі топтасып орналасуымен,клетка цитоплазмасының қоюлығымен ажыратылады.Инициальды клетка немесе апикальды инициалдар шексіз рет бөлініп, жас клеткалар түзеді де,біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналып,тамыр мен сабақтын анатомиялық алғашқы құрылысын қалыптастырады.
Пайда болуына қарай түзуші ұлпалар алғашқы және соңғы меристемалар деп бөлінеді. Алғашқы меристемалар өскіннің және өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді.
Соңғы меристемалар (камбий,феллоген) алғашқы меристемалардан кейін пайда болады.Өсімдіктердің өстік мүшелерінің жуандап өсуіне қамтамасыз етеді. Түзуші ұлпалар орналасуна қарай апикальды меристема, бүйірлік немесе латеральды меристема және қыстырмалы немесе интеркалярлы болып бөлінеді. Барлық ұлпалар меристемадан бастама алады. Ұрық алғашқы түзуші ұлпаның жасушаларынан тұрады. Өсімдіктердің өстік мүшелерінің төбе меристемасы орналасқан ұшы бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені төбе меристемасының құрылымы мен қызметі туралы бірнеше көзқарас бар. Даму барысында төбе меристемасы төмендегідей меристемалық ұлпаларға жіктеледі: протодерма , прокамбий және негізгі меристема. Бұл меристемалар: а) протодерма-жабындық ұлпа, б) прокамбий-өткізгіш ұлпа ; в) негізгі меристема- негізгі ұлпа деп аталатын түпкілікті ұлпаларды түзеді.
Бүйір (латеральды) меристемалардың өстік мүшелердің көлденең кесіндісіне сақина түзіп, бойылық кесіндісіне клеткалардың цилиндр тәрізді қабаттарын түзіп орналасады. Бүйір меристемалар шығу тегіне, орналасуына қарай; алғашқы бүйір меристема; соңғы бүйір меристема деп бөлінеді. Алғашқы бүйір меристемаға прокамбий мен перицикл жатады. Соңғы бүйір меристемаларына камбий мен феллоген жатады. Бұл ұлпалар соңынан түпкілікті ұлпалардан пайда болады.
Қыстырмалы (интеркалярлы) меристема өркеннің буын аралықтарынан және жапырақтың базальды бөліктерінде орналасады. Бұл меристема- сабақтың басқа бөліктеріндегі үлескілермен салыстырғанда төбе меристемасының түпкілікті ұлпаларға баяу айналатын қалдығы. Төбе және бүйірлік меристемалардан айырмашылығы, кейбір жіктелген элементтердің, мысалы, өткізгіш ұлпаларының болуы және инициальды жасушалардың болмауы. Қыстырмалы меристема өсімдікте үнемі сақталып қалмай, біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналады.
Жарақат меристемасы өсімдік денесінің жарақатанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі жасушаларынан пайда болатын. Мұндай жасушалардың барлық бағытта бөлінуінен шор немесе сүйел деп аталатын дене пайда болады. Шор (каллус) жасушаларының меристемалық қасиетінен феллоген түзіліп, одан пайда болған тоз қабаты жарақаттанған жерді жабады.
Жабындық ұлпалар
Өсімдіктің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалар өсімдіктің ішкі нәзік бөліктерін шамадан тыс буланудан, төменгі және жоғары бөліктерін температурадан, құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің әсерінен жәнее т. б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар.
Жабындық ұлпалар пайда болуына қарай 2 типке бөлінеді:
1. Алғашқы жабындық ұлпалар. 2. Соңғы жабандық ұлпалар.
Алғашқы жабындық ұлпаларға мыналар жатады: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема; соңғы жабындық ұлпаларға: тоз(перидерма), қыртыс (сары қабық) жатады.
Эпидерма. Эпидерма – шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. Эпидерма, 1868 жылы Ганштейн негізін салған теория бойынша, төбе меристемасының дерматоген (протодерма) қабатының бөлінуі болып табылады. 1920 жылы Шмид негізін салған теория бойынша төбе меристемасының сыртқы қабаты клеткаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болған.
Эпидерма – жапырақтың, гүлдің және көптеген өсімдіктер жемістерінің, шөптесін өсімдіктердің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендерінің түпкілікті жабын ұлпасы. әр трүрлі өсімдіктердің әр мүшесінің эпидермасының қызметі әр түрлі, осыған орай олардың биологиялық мәні де бірдей емес. Мысалы, жапырақтың эпидермасы қорғаныштық қызметімен қатар фотосинтез, ауа алмасу және судың тепе-теңдігін реттейді.
Эпидерма көпшілік жағдайда бір қатар, сирек түрде екі немесе одан да көп қатар клеткалардан тұрады. Көп қабатты эпидермасы бар өсімдіктерге алабота тұқымдасына жататын суккленттер: тарбақ бұйырғын (Anabasis brachiata), итсигек бұйырғын (Anabasis aphylla) және тұт ағашы (Morus L), фикус (Ficus elastica) т. б. өсімдіктер жатады. Кейбір өсімдіктердің эпидермасының астында гиподерма деп аталатын қабат болады. Ол құрғақшылықта өсетін өсімдіктерде су қорын жинайды. Мысалы, жасаңшөп, итсигек бұйырғын, сібір қаpағайы (Pinus sibirica) және кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris L) қылқан жапырағының гиподермасы қабырғалы қалыңдап кеткен бір қатар клеткалардан тұрады. Бұл клеткалар жапыраққа мықтылық қасиет береді және эпидманың қыстың қатты желінің құрғатып жіберуінен қорғайды. Қарағайдың оңтүстік түрлері, мысалы, Эльдар қарағайында гиподерма 2-3 қабатты болып келеді.
Эпидерма күрделі ұлпа, ол клеткалардың әр түрлі типтерінен тұрады.
Олар: 1. Эпидерманың негізгі клеткалары.
2. Устьице аппаратының жанаспалы және қосалқы клеткаларының сырт жағынан өсіп шыққан өскіншелер.
Эпидерманың негізгі клеткалары бір-бірімен тығыз, ал өзінен төмен орналасқан паренхималық клеткаларымен нашар байланысады. Сондықтан да тез сыдырылады. Эпидерманың негізгі клеткаларының пішіні, көлемі әр түрлі. Мысалы, сабақтың, таспа тәрізді жапырақтың, сағақтың эпидерма клеткаларының пішіні сопақ, ал өсу барысында ұзындығы мен көлденеңі бір қалыпты жүретін мүшелерде изодиаметрлі. Эпидерма клеткаларының көлемі сыртқы ортаның әсеріне байланысты шөл, шөлейт және далалық аймақтың ксерофиттері эпидермасының негізгі клеткалары мезофиттер эпидермасынан майдалау. Бұлай болуы ксероморфтық белгіден ғана емес, ботаник ғалым Гребтің 1957 жалғы зерттеуі бойынша әр иүрлі қоректік заттардың жеткіліксіздігінен, екінщі бір ғалым Сурождың (1892) пікірі бойынша жарықтың шамадан тыс болуынан, төменгі температурадан, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен деп түсіндіріледі.
Жапырақтың үстінгі эпидермасының клеткалары төменгі эпидерма клеткаларынан ірірек. Эпидерма – тірі ұлпа. Ол цитоплазмада клетка қабырғаларын астарлай орналасады. Онда тірі клеткаларға тән клетканың протопласт бөлімінің барлық компоненттері: лейкопласт, сирек жағдайда хлоропласт кездеседі. Хлоропласт көлеңкеде және суда тіршілік ететін өсімдіктер эпидермасына тән. Бұған папоротник және алабота тұқымдастарының кейбір өкілдері жатады. Эпидерма клеткалары лейкопластан басқа түсті платидтердің болмауынан (түсінің мөлдір жылтырлығынан) өзінен төмен орналасқан фотосинтез процесі өтетін паренхималарға жарықты мол өткізеді. Шөл, щөлейт тау өсімдіктерінде мөдір, жылтыр түскен кун сәулесі шағылысып жапырақты және сабақты қызып кетуден сақтайды, булануды азайтады. Эпидерма клеткаларының шырыны көпшілік жағдайда түссіз келеді, кейде гүлдерде, жемістерде, сабақтарда антоцианмен жеке антохлормен боялады.
Эпидерма клетка қабырғаларының қалыңдығы бәрінде бірдей емес. Сыртқы ортамен жанасып жатқан жерлері қалыңдау келеді де тұтас кутикула қабатымен жабылады. Кутикула қабаты бірыңғай кутиннен ғана емес, сондай-ақ өсімдік балауызынын (воск) да тұрады. Кутин қабатында балауыздың болуы су мен газды нашар өткізеді. Балауыз кутикуланың бетіне бөлініп шығады, онда жиналып, қалыңдығы мен пішіні әр түрлі қабыршақтар, таяқшалар түзеді. Балауыз бозғылт немесе көгілдір түсті. Мысалы, жүзім, қара өрік жемісін, терек, қалампыр, капуста жапырағын, үйеңкінің, жыңғылдың жас сабағының сыртын қаптап жатқан шаңдақ зат - осы балауыз. Ол шаң тәрізді, сүртсең тез кетіп қалады.
Эпидерма клеткалары қабықшасының целлюлоза қабаты цитоплазмамен беттесіп жатады. Целлюлоза қабаты мен кутикуланың арасында пектин қабаты бар. Пектин қабатынан кутикулаға қарай кесе көлденең жолақтар өтеді ( пектин жолақтары). Бұл жорлақтар (прожилки) соңғы жылдары электрондық микроскоптың көмегімен табылған пектин заттарынан тұрады.
Эпидерма клеткалары қабырғаларының күрделі құрылысы өсімдік тіршілігінді тірі протопласт қызметтерінің әсерінен өзгеріп отырады.
Устьице. Устьице эпидерманың ішкі жағында орналасқан ұлпалардың сыртқы ортамен ауа алмасуын, транспирацияны реттеп отырады. Устьиценің пішіні бұршақ немесе жарты ай тәрізді, бір-біріне ойыс жағымен беттескен 2 клеткалардан тұсары. Бұлар жанаспалы клеткалардан деп аталады. Бұлардың көлемі өсімдіктер клеткаларынан кіші. Көптеген өсімдіктерде устьиценің жанаспалы клеткаларының 2 жағынан, 3 жағына, кеійде түгел қоршап орналасатын, пішіні эпидерма клеткаларынан бөлек, ерекше клеткалар болады. Оларды қосалқы клеткалар деп атайды. Қосалқы клеткалар мен жанаспалы клеткалар бірігіп устьице аппаратын немесе комплексін түзеді.
Устьице аппаратының жанаспаалы клеткаларының мынадай ерекшеліктері бар: беттескен жағындағы клетка қабықшасының қабырғасы қалыңдайды, ал дөңес жағындағы қабырғасы қалыңдамай жұқа, серпімді қалпында қалады, клетка құрамына хлоропласттар, көп мүшелерде митохондриялар енеді.
Жанаспалы клеткалардың ойыс жағының ортасында устице саңылауы – сайы болды, ол бірде ашылып, бірде жабылып тұрады. Ашылып-жабылу құбылысын жанаспалы және қосалқы клеткалар реттеп отырады.
Эпидерманың көлденең кесіндісінен жанаспалы клеткаларының ішкі қабырғасының иілунен пайда болған устьицек саңылауы жақсы байқалады. Устьице саңылауының жоғарғы жағындағы жіңішке жолақ устьиценің алдыңғы күркесі, төменгі жағындағы жолақ артқы күркесі деп аталады. Алдыңғы жәгне артқ ы күркелер жіңішке устьице саңылауымен жалғасып, устьиценің орталық саңылауын түзеді. Жанаспалы клеткалардың төменгі жағында ауа қуысы жақсы көрінеді. Ауа қуысында су булары, оттегі жен көмір газы жиналады. Күндіз күн сәулесі жеткілкті болған жағдайда жанаспалы клеткаларда фотосинтез процесі жүреді (устьице ашық), түнде фотосинтез тоқталады (устьице жабық).
Түс кезінде күн ыстық болған жағдайда өсімдіктің денесінен судың булануы қарқынды жүреді, су тапшылығын тудырмау үшін бұл кезде устьице негізінен жабық тұрады. Жанаспалы клеткаларда фотосинтездің нәтижесінде крахмал және қант түзіледі. Күн сәулесі қуатының жинақталуынан жанаспалы клеткалар көрші клеткалардағы калий иондарын өзіне сорып алады да, жанаспалы клеткалардың клетка шырынының концентрациясы эпидерманың басқа клеткаларының клетка шырынының концентрациясынан артық болады. Осмос заңы бойынша, көрші клеткалардағы су жанаспалы клеткаларға қарай өтіп, оның көлемі ұлғайып, тургоры көтеріледі. Сөйтіп жанаспалы клеткалардың алдымен қалың емес дөңес жағындағы қабырғалары созылады, ол өзіне қарай ойыс жақтағы қалыңдаған қабырғаларын тартады, сөйтіп устьице саңылауы ашылады.
Түнде фотосинтездің тоқталуымен немесе түсте ыстық кезде клеткалардың сусыздануымен байланысты жанаспалы клеткалары мен эпидерманың басқа клеткаларының клетка шырынының көнцентрациясы теңеледі де, устьице жабылады. Устьице саңылауынын ашылып, жабылу механизміне ауа құрамындағы көмір қышқыл газы концентрациясының да әсері болуы мүмкін деген жормал бар.
Мольдің (1856) теориясы бойынша устьице арқылы судың булануы жанаспалы клеткаларының тургорлық қалпымен реттеледі. Тургор жағдайында жанаспалы клеткалар керіліп тұрады, устьице саңылауы ашылады плазмолиз кезінде жанаспалы клеткалардың қабырғалары босаңсиды да устьице саңылауы жабылады.
Устьице өсімдіктердің жер бетіндегі барлық мүшелерінде бар. әсіресе жапырақта көбірек кездеседі. Устьиценің орналасу жиілігі бір жапырақтың өзінің бөліктерінде, бір өсімдіктің әр түрлі жапырақтарында өзгеше болады. Құрлық өсімдіктерінде устьице негізінен жапырақтың астыңғы бетінде, су өсімдіктерінде үстіңгі бетінде орналасады. Устьице эпидерма клеткаларымен бір деңгейде, кейде одан төмен, кейде жоғары орналаса алады. Төмен орналасқан устьиценің ойысында ауа қуысы пайда болып, онда су буы жиналады. Устьиценің бұлай орналасуы өсімдік тамырынан судың атмосфераға тамыр жүйесі немесе жапырақтар арқылы өтуін (транспирацияны) азайтады, ол көбінесе құрғақшылық ортада өсетін өсімдіктердің эпидермасына тән. Устьиценің эпидермасында орналасу реті жүйкелік белгісінің бірі. Даражарнақтылырда устьице аппараты жүйкелену бағытымен, белгілі бір ретпен, бір-біріне параллель, ал қосжарнақтыларда бағытсыз, ретсіз орналасады.
Жабықтұқымды өсімдіктерде устьице аппараты клеткалараның саны мен пішінін әртүрлі болуына қарай устьице бірнеше типке бөлінеді. Соның ішінде жиі қолданылатыны Меткаф және Чоктың типтері. Олар:
1. Аномоцитті тип - мұнда устиценің білдіретін бірнеше клеткаларымен қоршалып орналасады. Устьиценің бұл типі жүзім, қызыл бұрыш т.б. өсімдіктерге тән.
2. Анизоцитті тип- мұнда устьицені үш клеткалар қоршап тұрады, оның біреуінің көлемі қалған екеуінің көлемінен анағұрлым кіші болады. Устьиценің бұл типі жасаң шөптер тұқымдасының бозкілем туысына тән.
3. Парацитті тип- устьице айналасындағы клеткалар оның ұзына бойына параллель орналасады. Бұл бұршақ тұқымдасының сүмбіл бұршақ туысына тән.
4. Диацитті тип- устьице айналасындағы екі клетка устьиценің ұзына бойына перпендикуляр болып келеді. Бұл тип қалампыралр тұқымдасының қалампыр туысына тән.
Устьице аппаратының жапырақ беткейінде орналасу мөлшері өсімідік түрінің биологиялық ерекшіліктеріне, тіршілік ортасына және оның экологиялық жағдайларына байланысты. Мысалы: қылтанақсыз арпабастың бір мм2 жапырақ бетінде 30 устьице , күнбағыстың ашық күн түсетін жерде өсетінінде -220-250, ал көлеңкесіндегіде шамамен 140 устьцие болады.
Өсімдіктер түктері-трихомалар.
Көптеген өсімдіктердің эпидерма клеткаларынан оны бет жағында әртүрлі түктер өскіншелер, қабыршақтар өсіп шығады. Оларды трихомалар деп атайды. Трихомалардың биологиялық мәні өсімідктер үшін әртүрлі.
Көп жағдайда түктердің қалың қабаты өсімдіктерді шамадан тыс қызып кетуден , артық су буландырудан сақатйды. Биік тау өсімдіктерінің қалың түктері оларды күндізгі және түңгі температура ауытқушылығынан қорғайды. Қатқыл қылшықты түктері бар өсімдіктерді мал жемейді.
Түктердің екі түрін ажыратамыз. Олар: 1. Жабындақ түктер.
2. Безді түктер.
Жабындық түктер өсімдіктердің эмбриональды мүшелерінде тірі клеткалардан тұрады, ол есейген кезде өлі клеткаларға айналады.
Безді түктер көп уақытқа дейін тіршілігін жоймайды. Олардың клетка қабырғалары қалың емес, цитоплазмасы, вакуолі және ядросы болады. Түктер сыртқы ортаға өсімдіктердің тіршілік әрекетінің өнімдерін - су, эфир майларын, органикалық қыщқылдарды бөліп шығарады.
Эпиблема немесе ризодерма.
Ол – тамырдың дермотеген қабатынан пайда болатын, сору қызметін атқаратын жабын ұлпа. Ол біржылдық және көпжылдық өсімдіктердің жас тамырларының сыртын жауып тұрады. Мұнда устьице аппараты, кутикуласы және балауызы болмайды. Устьице эпифиттердің ауа тамырларында болады. Ризодермадан түктер өсіп шығады. Ол түктің эпидерма клеткаларының түктерінен айырмашылығы, клетка қабырғалары арқылы бөлінбей, ризодерма өскіншелері арқылы бөлінеді. Ризодерманың түк өсіп шығатын клеткаларын трихобластар деп атайды. Суда немесе ылғал өсетін өсімдіктерде түктер болмайды немесе нашар жетілген.Тамыр түгі өсімдіктердің басым көпшілігінде болады: астық тұқымдастарында оның ұзындығы 1-2 мм, қияқтарда 8 ммге дейін жетеді.
Тамыр түгінің қызметі – өсімдіктің өсіп тұрған ортасынан су және суда еріген минералдық тұздарды сорып, тамырдың заттарды реттеуші ұлпаларына қарай жылжыту. Сондықтан эпиблема физиологиялық тұрғысынан қабылдаушы ұлпаларға жатады.
Веламен (латынша Velamen – жабын) бой конусының дермотоген қабатынан пайда болады. Қабылдаушы және жабындық ұлпа қызметін атқарады. Клетка қабырғалары өлі клеткалардың тығыз орналасқан қалың қабатынан тұрады. Веламен көбінесе тропикалық эпифетті орхидеялардың ауа тамырларына , сол сияқты құрлықта топырақта бекініп өсетін өсімдіктерден лалагүлділер тұқымдастары: аспидистра, аспрагус, алоэ; амралистер тұқымдастары: кливия, кринум сияқты өкілдерінің тамырына тән. Бұл аталған өсімдіктердң отаны Оңтүтік Африка, яғни бұлара оқтын-оқтынм құрғақшылыққа ұшырап тұратын ортада өсуге бейімделген.Ауа тамырларындағы веламеннің үлкен сынарлы капиллярлы кеністіктері арқылы жамбыр немесе шық сулары ішкі клеткаларына өтеді.Веломен клеткарының қабаты іш жағында экзодермамен шектеседі. Экзодерма клеткаларының қаьырғалары қалындаған кезде су олардың «өткіз клеткалар» деп аталатын, қабықшалары жұарған клеткалары арқылы тамырға теренірек өтеді. Жылдың құрғақ мезгілерінде бұл клетколарға ауа толып, қорғаныштық қызмет атқарады. Топырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда веломен арқылы су тамырдағы өткізгіш ұлпаға беріледі.
Соңғы жабындық ұлпа.Алғашқы жабындық ұлпа өсімдіктердің денесінде мәңгі қалып қоймай,өсімдіктің жасының артуына байланысты түлеп түсіп,оның орнына соңғы жабындық ұлпа.Негізгі соңғы жабындақ ұлпалар мыналар: 1)тоз немесе перидерма; 2)қыртыс.
Тоз (перидерма) ағаштардың бұтақтарын, көп жылдық шөптесін өсімдікте сабағының негізің, тамырдың ескі көліктерін,жер асыты тамырсабақтарын, түйнек тамырларын, кейбір өсімдіктер жемісінің сыртын қаптап тұрады.Перидерма клеткалары қат-қабат тығыз орналасқандықтан, шамадан тыс жылуды, газды микроорганизмдерді ішке жібермейді, судың булануын азайтады.
Перидерма ф е л л о г е н деп аталыатын соңғы жабындық ұлпаның жетілуінен пайда болады. Осімдіктердің түріне байланысты фелоген әртүрлі жолмен жетіледі. Фелоген кейде эпидермадан төмен жатқан парихималық клеткалардын пайда болады. Мысалалы шие (Cerasus Luss) қара өрік (Prunus Mill),мойлы (Padus Mill) және ырғайда.
Кейде эпидермис клеткаларынан алмұрт, шетен, шәңгіш, тал. Қабықтың терең қабаттарында флоэмадан жетілген түрлері де бар. Перидерма күрделі ұлпа, ол құрылысы, атқаратын қызметі әртүрлі типтерден тұрады. Ондай ұлпалар мыналар
1. Феллема және тоз
2. Феллоген немесе тоз камбийі
3. Феллодерма немесе перидерма паренхимасы.
Тоз камбийі немесе феллоген клеткаларының тангетальды бөлініп жіктелуінен сыртқа қарай феллема, ішке қарай феллодерма клеткаларары пайда болады. Феллема көп қатарлы, феллодерма клеткалары пайда болады.
Феллоген клеткаларының бөлінуінен пайда болған тоз клеткалары алғашқы кезде құрамында целлюлоза бар жұқа қабықты тірі клеткалардан тұрады. Клетка қабықшасына біртіндеп суберин және өсімдік балауызы қабаттарының кезектесіп орналасуынан бұл қабықша тозданады, сөйтіп тірі клеткалар өлі клеткаларға айналады. Феллодерманың қызметі феллогенді қоректендіру.
Жасымықша. Жасымықшаның қызметі алғашқы жабындық ұлпадағы устьице аппаратына ұқсас. Тірі клеткалардың сыртқы ортамен ауа алмасу, су мөлшерін реттеу қызметін жасымықша атқарады. Жасымықша перидермамен қатар бір мезгілде немесе одан ерте пайда бола бастайды. Соңғы жағдайда перидерманың қалыптасуы жасымықша пайда болған жерден пайда болады. Перидерма эпидерма клеткаларынан немесе қабықтың оған таяу орналасқан қабаттарынан жетілген жағдайда әрбір усьиценің төменгі жағынан бірден жасымықша қалыптасады. Устьице топтанып жиі орналасқан жағдайда, жасымықша сирек, әрбір топтың төменгі жағында өз тіршілігін бастайды. Жасымықша қабықтың устьице аппаратынан төмен орналасқан клеткалардың тоз камбийіне –феллогенге айналуынан пайда болады. Феллоген клеткалары тангетальды бөлініп, жасымықшаның пішіні дөңгелек, көлемі әртүрлі, борпылдақ орналасқан паренхималық клеткалар түзеді. Бұл төмпешіктер сүректі өсімдіктердің бұтақтарының перидермасынан қарапайым көзбен де жақсы байқалады. Жасымықша феллогені тоз феллогеніне қарағанда бөлініп, клеткалар санын арттырып отырады. Жасымықшаның сыртқа қарай орналасқан клеткалары ескіріп, біртіндеп өледі, оның орнын іш жағынандағы жас клеткалар басады.
Көптеген сүректі өсімдіктер жасымықшасының сырт жағындағы клеткаларының қабықшасы күзде күннің суынуынан тозданады да, осындай клеткалардан тұратын жұқа қабат түзеді. Бұл жанаспалы қабат деп аталады.Көктемде іш жақтан пайда болатын жас клеткалардың түсірген қысымынан жанаспалы қабат жарылады.
Жасымықшаның көлемі мен пішін әртүрлі. Олар өте майда және ірі, сопақша , дөңгелек.
Қыртыс- соңғы жабындық ұлпа тоз қабатында өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінде тұрақтанып қана қоймайды. Оны қыртыс ығыстырады. Қыртыс-соңғы жабындық ұлпа. Оны кейде үшінші жабындық ұлпа деп те атайды. Қыртыс негізінен көпжылдық өсімдіктердің діңін, тамырын жауып тұрады. Ағаштар мен бұталардағы феллоген бірнеше жыл өзінің өзінің түзуші ұлпалық қызметін атқарып, перидерма қабатын түзеді. Осының нәтижесінде тамыр мен сабақ жуандайды, іш жағынан пайда болған перидерма қабатының жаңа бөлімдері сыртқа қысым түсіріп, перидерманың ескі бөліктерін жарып жібереді. Мұндай жағдайда феллоген клеткаларының да бөлінуі азайып. Ақыры тыйылады. Сөйтіп, феллоген қызметін тоз ұлпасының астындағы паренхималық клеткалар атқарады. Осы паренхималық клеткалар біртіндеп феллогенге айналады. Феллогеннен феллема пайда болады. Егер феллоген клеткалары өлетін болса, паренхималық клеткалардын жаңа феллоген түзіледі. Ағаштарда бұл процесстіршілігінің соңына дейін жүреді. Қыртыстың маңызы үлкен. Ол өсімдіктің ішкі ұлпаларын ыстық пен суықтан, кейде оттан да сақтайды.
Колленхима
Колленхима да паренхима секілді тірі жасушалардан тұрады. Олар беріктік және мықтылық қасиет береді.
Құрылысы.
Колленхима паренхимаға ұқсас, бірақ жасушалардың бұрыштарында қосымша цитоплазма жинақталады. Ол бірінші реттік қалыңдаудан кейін қана пайда болады.
Қызметі мен орналасуы.
Колленхима- механикалық ұлпа. Олар көбінесе жас өсімдікте екінші реттік қалыңдау болмайтын жапырақта тірек қызметін атқарады. Колленхима алғаш пайда болатын тірек ұлпасы. Олар тірі болғандықтан өсіп, созылып отырады, бірақ қасындағы жасушаларға өсуге кедергі жасамайды. Сабақ пен жапырақтың сағағында колленхиманың қызметі арта түседі, себебі олар ол жерлердің беткі қабатына жақын орналасады. Көбінесе өңнің астында орналасады.
Склеренхима.
Склеренхима жасушалары колленхимаға қарағанда өлі, бірақ олар да тірек қызметін атқарады. Склеренхиманың екі түрі бар: тін талшығы (волокна) және склереида (қиыршық жасушалар). Екі жасушаның да жасуша қабықшасы лигнин деген мықтылық қасиет беретін күрделі затпен қапталған. Олардың сыртында қарапайым шұрықтар болады. Лигнині жоқ жерлерден пласмодесмалар өтеді. Плазмодесма деген көрші жасушалар арасындағы цитоплазмалық жіпшелер. Склеренхиманың талшықтары лигнинденудің арқасында мықты. Ал бірнеше талшықтан құралған кезде мықтылық қасиеті арта түседі. Және оның мықт болуы талшықтардың ұштары бір-бірімен жалғасып жатады. Оған қосжарнақтылардың өткізгіш шоқтары мысал бола алады. Склерида тамырда, сабқат, жемісте, тұқымда әр жерлерінде шашыраңқы кездеседі.Мысалы: алмұрттың жемісінде слерида ж
Бірнеше жасушалардан тұратын күрделі ұлпалар. Ксилема мен флоэма.
Ксилема мен флоэма өсімдіктің өткізгіш ұлпасына жатады. Ксилема бойымен су мен минералды тұздар төменнен жоғарыға қарай қозғалады. Ал флоэма бойымен жоғары және төменге қарай органикалық заттар қозғалады. Екінші реттік қалыңдаған ксилеманы сүрек деп атайды.
Ксилема өсімдікте екі түрлі қызмет атқарады: сумен бірге тұздардың жылжуы мен өсімдікке тірек қасиетін береді. Сондықтан ол- физиологиялық және құрылымдық қызмет атқарады. Ксилеманың құрамында төрт түрлі: трахеидтер, түтіктер, паренхималық жасушалар және талшықтар кіреді.
Трахеидтер . Трахеидтер-лигнинденген ұршықтәрізді. Біріне бірі жанасқан трахеид ұштары слеренхиманың ұштары секілді . Сондықтан мұндай қасиет өсімдікке беріктік қасиетін береді. Трахеидтер – іші бос өлі жасушалардан тұрады. Трахеидтер ертеден келе жатқан өсімдіктерде алғаш пайда болған және бірінші реттік құрылымда болатын су өткізгіш жүйе, ал қалғаны осы трахеидтен пайда болған. Су өлі жасушалар бойымен еркін еш кедергісіз қозғалады. Бір трахеидтен келесі трахеидтке су шұрықтар арқылы немесе жасуша қабықшасының лигнинденбеген жерлері арқылы өтеді. Жабықтұқымдыларда трахеид саны түтіктер санына қарағанда аз.
Түтіктер (сосуды)
Түтіктер жабықтұқымдыларға тән өткізгіш элементтер. Олар біріне бірі жалғасқан қатар орналасқан ұзын түтіктер сияқты. Әр жасуша ксилеманың шоғын құрайды. Трахеидтерге қарағанда жалпақ және қысқа. Жас өсімдікте бірінші болып пайда болған ксилеманы алғашқы ксилема (протоксилема) деп атайды және ол тамыр мен сабақ ұшында болады. Протоксилема жасушалары өлі болғанымен созыла алады, әрі оның жасуша қабықшасы толықтай лигнинденбеген, тек қана сақина немесе оралма тәрізді қалыңдау болады. Протоксилемадан соң толық лигиниденген және ересек мүшелерде болатын метаксилема пайда болады. Сол кезде алғаш пайда болған түтіктер созылып, сосын жойылады. Дамыған метаксилема жасушалары созыла және өсе алмайды. Олар өлі, қатты, толықтай сүректенген түтіктер. Метаксилеманың қалыңдауының үш түрі бар: сатылы, тор тәрізді, нүктелі.
Ұзын толық ксилема түтіктері суды алшаққа тасымалдауға ыңғайлы . Трахеидтердікі сияқты түтіктерден түтікке су шұрықтар арқылы өтеді. Тамырда бірінші реттік ксилема ортасында орналасады, ал қосжарнақтылардың сабағында сақина ретінде немесе даражарнақтылардың сабағында өткізгіш шоқтар шашыраңқы орналасады.
Сүректі паренхима
Сүректі паренхиманың жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа және іші тірі заттан тұрады. Екінші реттік ксилемада паренхиманың екі жүйесі бар. Екеуі де меристемалық жасушалардан пайда болады. Өзек сәулелері сүректі паренхимаға жатады. Бұл жерде танниндер немесе басқа қор заттары қорға жиналады.
Сүректі талшықтар
Олар да сүрек түтіктері сияқты трахеидтерден пайда болған. Трахеидке қарағанда қысқа және жіңішке, ал жасуша қабықшасы едәуір қалың, бірақ саңылаулары да трахеидтерге ұқсас. Сүрек түтіктеріне қарағанда сүректі талшықтар арқылы су қозғалмайды, ол мықтылық қасиет береді.
Өсімдік ұлпаларының жалпы ерекшіліктері, қызметтері және орналасқан жері
№ Атқаратын қызметтері Тірі немесе өлі Жасуша қабықшасы Жасуша пішіндері Орналасқан жері
1 Паренхима (негізгі ұлпа) Атқарушы ұлпа. Шөптесін өсімдіктерде тірек қызметін атқарады. Метаболизм үдерісі қарқынды. Ауажинаушы жасушааралық газ алмасу қызметін атқарады. Қоректік заттарды қорға жинайды. Жасуша арқылы және жасуша қабықшасы арқылы заттарды тасымалдайды. Тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар Көбінесе изодиаметрлі , кейде созылыңқы Қабық, өзек, өзек сәулелері, сүрек және тін паренхимасы
Модификацияланған паренхималар
А) эпидермис Құрғап кетуден сақтау және ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтау. Түктер мен бездер қосымша қызмет атқарауы мүмкін. тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар, кутин . Созылыңқы және жалпақ Жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктің сыртын бірқабатпен қаптайды.
Б) Мезофилл Фотосинтез тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар Изодиаметрлі, бағаналы немесе дұрыс емес Үстіңгі және астыңғы өңнің арасында
В) Эндодерма Тамырда су мен минералды заттардың қозғалуына кедергі жасайтын қабат. тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар, субериннің жинақталуы Эпидермис сияқты Өткізгіш шоқты қоршайды
Г) перицикл Тамырда меристемалық белсенділігі жоғары, жанама тамырлар пайда болады және екінші реттік қалыңдауға қатысады тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар Паренхима жасушалары сияқты Тамырда орталық өткізгіш ұлпа мен эндодерма арасында
2. Колленхима Тірек қызметі тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар Созылыңқы және көпбұрышты, жасуша соңы ұшталған Қабықтың сыртқы жағы
3. склеренхима
А) талшықтар Тірек өлі Көбінесе лигнин. Сонымен қатар пектин, жасунық және геммицеллюлоза. Созылыңқы, көпбұрышты Қабықтың сыртқы жағында, сабақтың перициклі, ксилема мен флоэма
Б) склереид Тірек және қорғаныш өлі Көбінесе лигнин. Сонымен қатар пектин, жасунық және геммицеллюлоза Изодиаметрге жақындау Қабық, өзек, флоэма, жемістер, тұқым қабықшасы
4.Ксилема
Трахеидтер мен түтіктер Су мен минералды заттардың қозғалысы. Тірек. өлі Көбінесе лигнин. Сонымен қатар пектин, жасунық және геммицеллюлоза Созылыңқы және түтікті Өткізгіш жүйе
5. Флоэма
А)сүзгілі түтіктер
Б) серіктес-жасушалар Органикалық заттардың қозғалысы
Сүзгілі түтікпен бірге қызмет атқарады Тірі
тірі Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар
Жасунық, пектиндер және геммицеллюлозалар
Созылыңқы және түтікті
Созылыңқы және іші тар
Өткізгіш жүйе
Өткізгіш жүйе
Теориялық бөлімі
Ұлпалар тарауын қайталауға арналған тест сұрақтары
1. Бөлінуге қабілетті ұлпа
А) түзуші
В) жабын
С) өткізгіш
Д) колленхима
2. Алғашқы меристемадан кейін пайда болған соңғы меристемалар
А) камбий, прокамбий
В) камбий, феллоген
С) камбий, феллодерма
Д) прокамбий, феллоген
3. Алғашқы бүйір меристемасына жатады
А) камбий, прокамбий
В) камбий, перицикл
С) прокамбий, перицикл
Д) камбий, феллоген
4. Соңғы бүйір (латеральды) меристемаға жатады
А) камбий, прокамбий
В) камбий, перицикл
С) прокамбий, перицикл
Д) камбий, феллоген
5. Өркеннің буынаралықтары мен жапырақтардың базальды бөліктерінде орналасқан меристема
А) латеральды
В) апикальды
С)инициальды
Д) зақымдаушылық
6. Құрғақшылықта өсетін өсімдіктерде су қорын жинайтын қабат
А) ксилема
В)флоэма
С) гиподерма
Д) эндодерма
7. Эпидерма-
А) тірі ұлпа
В) басында тірі, сосын өледі
С) өлі жасушалардан тұрады
8. Кутин мен балауыздан тұрады
А) Кутикула
В) перицикл
С) феллодерма
Д) эндодерма
9. Трихомалар деген
А) түктер
В) өскіншелер
С) қабыршақтар
Д) а+в+с
10. Орхидеяның ауа тамырында, алоэның тамырында, амаралистерде болады
А) каспарий белбеушесі
В) веламен
С) перицикл
Д) перидерма
11. Феллоген клеткаларының ішке қарай бөлінуі
А) феллема
В) феллодерма
С) тоз камбийі
Д) суберин
12. Перидерма неден пайда болады
А) феллема
В) феллодерма
С) феллоген
Д) камбий
13. Соңғы жабындық ұлпа
А) феллема
В) феллодерма
С) феллоген
Д) қыртыс
14. Фотосинтез процесі жапырақтың қай жерінде жүреді
А) борпылдақ паренхимада
В) бағаналы паренхимада
С) өң қабатында
Д) феллогенде
15. Газ және ауа алмастыру жүреді
А) борпылдақ паренхимада
В) бағаналы паренхимада
С) өң қабатында
Д) феллогенде
16. Қант қызылшасының тамырында-сахароза, картоп түйнегінде-крахмал, ал жер алмұртының түйнегінде қандай көмірсу болады
А) крахмал
В) глюкоза
С) муреин
Д) инулин
17. Бразилия гевеясынан, эйкоммия, гваюладан не алады
А) смола
В) каучук
С) латекс
Д) бальзам
18. Каспарий белбеушесі болады
А) сабақта
В) жапырақта
С) тұқымда
Д) тамырда
19. Клетка қабықшалары бір қалыпты қалыңдайтын, бірбірімен тығыз орналасқан прозенхималық клеткалар
А) колленхима
В) псклеренхима
С) флоэма
Д) ксилема
20. Сүректің құрамына кіретін склеренхима талшықтары қалай аталады
А) тін талшықтары
В) сүзгілі түтіктер
С) либриформ
21. Ксилема қандай қызмет атқармайды
А) су тасымалдау
В) тірек қызметін
С) минералды тұздарды тасымалдау
Д) фотосинтез
22. Тұйық өткізгіш шоқтарда не болмайды
А) флоэма
В) ксилема
С) флоэма кейде болады
Д) камбий
23. Ұрық тамыршасынан пайда болатын тамыр
А) негізгі тамыр
В) жанама тамыр
С) қосалқы тамыр
Д) шашақ тамыр
24. Сфагнумда болмайтын, көкек зығырында болады
А) тамыр
В) сабақ
С) қауашақ
Д) ризоид
25. Механикалық ұлпаға жатады
А) колленхима
В) паренхима
С) флоэма
Д) ксилема
26. Гиподерманың негізгі қызметі:
А) бірінші реттік крахмалды қорға жинау
В) суды жинау*
С) газ алмасу
Д) фотосинтез
27. Даражарнақтылардың тамырында ұзақ уақыт қызмет атқаратын латеральды меристема
А) прокамбий
В) феллоген
С) перицикл*
Д) камбий
28. Жапырақтың бағаналы ұлпасының негізгі қызметі
А) газ алмасу
В) транспирация
С) фотосинтез*
Д) судың жиналуы
29. Сабақта ұзын, қатты талшықтар қандай ұлпадан пайда болады
А) эпидермис
В) колленхима
С) склеренхима*
Д) паренхима
30. Төмендегілердің қайсысы сабақтың орталығына ең жақыны
А) камбий
В) бірінші реттік флоэма
С) екінші реттік флоэма
Д) бірінші реттік ксилема
Е) екінші реттік ксилема
31. Сабақтың диаметрі жылдан жыл сайын жуандап отырады. Сабақтың сыртқы жағында жабын ұлпасын түзуге қайсы ұлпа қатысады?
А) камбий
В) эпидерма
С) феллоген
Д) эндодерма
Е) перицикл
32. Қай түсінік дұрыс емес
А) Тамыр түгі-жабын ұлпасы
В) Борпылдақ паренхима-негізгі ұлпа
С) Жанаспалы жасуша- жабын ұлпасы
Д) Серіктес жасуша- бөліп шығарушы ұлпа
Е) Трахеид-өткізгіш ұлпа
33. Жүгері сабағының диаметрі қайсы меристеманың қызметімен байланысты
А) бірінші реттік
В) екінші реттік
С) бірінші және екінші
Д) алғашында біріншімен, сосын екінші реттікпен
34. Склеренхима-
А) жасуша қабықшасы жұқа жасушалардан тұрады
В) жасуша қабықшасының тек бұрышы қалыңдаған жасушалардан тұрады
С) жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған жасушалардан тұрады
Д) хлоропластары бір бағытқа созылған жасушалардан тұрады
35. Жоғары осмос қысымы қандай жасушаларға тән:
А) гидрофиттерге
В) мезофиттерге
С) ксерофиттерге
Д) галофиттерге
Практикалық бөлімі
№1 тапсырма Тамырдың бөліктерін ұлпаларына қарай сәйкестендір (3 балл) (халықаралық олимпиада)
Ұлпа түрлері
1. Колленхима
2. Ксилема
3. Қабық
4. Флоэма
5. Серіктес жасушалары бар сүзгілі түтіктер
6. Мезофилл
7. Трихом
8. Перицикл
9. Эндодерма
10. Камбий
11. Эпидермис (ризодерма)
12. Ксилемалық паренхима
13. Тамыр оймақшасы
14. Тозаң түтігі
№ І ІІ ІІІ ІV V VI VII VIII
Ұлпа
№2 тапсырма Берілген ақпаратты пайдаланып өсімдіктердің құрылымдары мен құрылысын сәйкестендір (2 балл)
Құрылымы туралы ақпарат
1. Тамырда минералды заттардың көлденең (горизонтальный ток) қозғалысын реттейді.
2. Өсімдік жасушаларында түнде пайда болатын органеллалар
3. Жалаңаштұқымдылардың сүрегінің негізгі механикалық тірек қызметін атқарады
4. Сабақта судың көлденең қозғалысын реттейді
Өсімдіктердің құрылысы:
А. Трахеидтер
Б. Эпидерма
В. Эндодерма
Г. Шайыр жолы
Д. Өзек сәулелері
Е. Лейкопластар
Ж. Этиопластар
З. Хлоропластар
Ақпарат 1 2 3 4
Құрылысы
№3 тапсырма
Ұлпалардың негізгі қызметтері, құрылысы мен орналасуы (3 балл) (қалалық олимпиада 2009ж)
№ Ұлпалардың негізі қызметтері Ұлпа түрі
1 Өсімдіктердің бірінші реттік денесін қаптап жатқан жұқа бірқабатты қабықша А) Мезофилл
2 Тамырда судың және минералды тұздардың қозғалысын реттейді Ә) Сүзгілі түтіктер
3 Тамырдың жанама тамырлары түзіледі және екінші реттік өсуге қатысады
Б) Перицикл
4 Лигнинденген, өлі жасушалардан тұратын тірек ұлпасы В) Эпидермис
5 Органикалық заттардың қозғалысын реттейтін түтік тәрізді тірі жасушалардан құралған ұлпа
Г) Эндодерма
6 Үстіңгі және астыңғы өңнің арасында орналасқан Ғ) склеренима талшықтары
№4 тапсырма. Төменгі суретте өсімдіктердегі заттардың тасымалдану түрлері берілген. (5.5 балл)
Таблицаның толтырыңыздар
Апопласт
Вакуоль
Симпласт
Жасуша қабықшасы
Симпластикалық транспорт
Цитозоль
Тонопласт
Апопластық транспорт
Плазмадесма
Жасуша қабықшасы транспорт
Плазмалемма
№5 тапсырма (17 халықаралық олимпиада , Аргентина)
Зертханада түрлі өсімдіктердің сабақтары мен тамырларының кесінділерін алған. Препараттарды сақтаған кезде қорапшаларын шатастырып алған. Төмендегілердің қайсысы қосжарнақтылардың бірінші реттік тамырына тән.
А) Эпидермис қабық Биколлатеральды шоқтар Өзек
В) Эпидермис қабық Перицикл 4 ксилема жігі (тяж) 4 флоэма жігімен кезектеседі
С) Перидерма Екінші реттік флоэма Камбий Екінші реттік ксилема
Д) эпидермис қабық перицикл 20 ксилема жігі флоэмамен кезектескен
Е) эпидермис склеренхима Шашыраңқы орналасқан шоқтар Бос өзек
№6 тапсырма Бірнеше жылғы өсімдіктің қай ұлпаларының жасушаларының қабықшасы тек бірінші реттік қалпында болады. (17 халықаралық олимпиада Аргентина)
А) Түтік элементтері Меристема жасушалары Паренхима жасушалары
В) Колленхима жасушалары Талшықтар Сүзгілі түтік элементі
С) Склереида Колленхима жасушалары Сүзгілі жасушалары
Д) Меристема жасушалары Трахеид элементтері Колленхима жасушалары
Е) Флоэманың өткізгіш жасушалары Меристема жасушалары Колленхима жасушалары
№7 тапсырма (Халықаралық олимпиада 2003 жыл, Беларуссия)
Суретте тамырдың көлденең кесіндісі берілген. Сызықтары (1-6) тамырдың бөлімдері ал (7) тамырға заттардың енуін көрсеткен. Төмендегі (А-Д) жауаптарының қайсысы дұрыс.
А) 1-трихома, 2- бірінші реттік қабық, 3- флоэма, 4-перидерма, 5-эндодерма, 6- эпидерма, 7-су мен қант
В) 1-тамыр түгі, 2- бірінші реттік қабық, 3- ксилема, 4-эндодерма, 5-Каспарий белбеушесі, 6-эпидерма, 7-сы мен минералды тұздар
С) 1- тамыр түгі, 2- бірінші реттік қабық, 3- ксилема, 4- эндодерма, 5-перицикл, 6- эпидерма, 7- су мен минералды тұздар
Д) 1-тамыр түгі, 2- перидерма, 3- флоэма, 4-эндодерма, 5-Каспарий белбеушесі, 6- эпидерма, 7- фитогормондар
Е) 1-тамыр түгі, 2- эндодерма, 3- ксилема, 4-эпидерма, 5- Каспарий белбеушесі, 6-перидерма
№8 тапсырма (халыаралық оимпиада 2003 жыл, Беларуссия)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.