.
.
Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері
Сабақ жоспары | Документы | Баяндамалар Загрузок: 186 | Просмотров: 1250 | Размер: 27.0 Kb | Автор: Нартай4540Педагогика өзінің атауын «paidagogas» «баланы жетектеуші» сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құлдардың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие –қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғалам ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тыс уақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады.
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.
Жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиеттерін ашып көрсету, руханилығын дамыту – заман талабы. Егер адам руханишылығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен айырылады. Бұл сезімдер жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында "Тәрбиедегі басты бағыт – әрбір адам, ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпыазаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» екені айтылған.
“Қазақстан -2030” Ел Президентінің Қазақстан халықтарына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында да «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті» деп белгіленген. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды, білімді, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде «Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап, міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісінде әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуде.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі.
Оған әл-Фарабидің «адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген сөзі дәлел.
Тәрбиенің негізгі мақсаты: дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ұжданы мол, еңбекқор, іскер, бойына басқа да игі іс-әрекеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу.
Тәрбиенің мазмұны: оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі –адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
«Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады» деген сөзді басшылыққа ала отырып, тәрбие бағытының жолы сан тарау екенін айтып өткім келеді.
Тәрбие
Адамгершілік Эстетикалық Экологиялық Дене Экономикалық тәрбие тәрбие тәрбие тәрбиесі тәрбие
Жақсылық еккен, Әдептілік, ар-ұят Бір тал кессең, Дені саудың – Ұқсата білгенің –
алғыс орады адамдықтың белгісі он тал ек жаны сау үнемдей біленің
Еңбек Құқықтық Ақыл-ой Салауатты Халықтық тәрбиесі тәрбие тәрбиесі өмір салтына тәрбиелеу тәрбие
Өнерлі бала Заңды білгенің, Ақыл – тозбайтын тон, Денсаулық – Малды теппе, елдің көркі заманға ергенің Білім –таусылмайтын кен зор байлық Сүтті төкпе
Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мұрасын зерттеу бұл елдігіміздің рухани, тарихи, мәдени негіздерін айқындау екендігіне дау тудырмайды. Рухани мұраларымызды елімізге және әлемге таныту бұл ұлттық ұстанымдарымызды айқындайды. Этнопедагогика – тек халық даналығы, халықтың ойы, тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Академик Г. Волков «Батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек.Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» -дейді.
Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Қандай да болсын тарихи тамырынан, табиғи болмысынан қол үзу жақсылыққа әкелмейді. Өйткені өзінде бар, ежелден сіңісті болған құндылықтардан ажырау тарихи сананы күңгірттендіріп , көрінгенге еліктеп, жанасымы аз бөгде түсініктердің жоғын жоқтатып, намысына нұсқан келтіретін құбылыс. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп тағылымдарын ұғыну , білу және өмірге үйлесімділерін әжетке жарату жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді.
Даналық сөздерімен оза білген қазақ халқында «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Біз халықтың нақыл сөзімен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-өнген, бабалар, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен дана халықтың ұрпағымыз.
Қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетімен және білім, тәлім-тәрбие беру негіздерімен жан-жақты танысу – бүгінгі күннің басты бағдары, талабы. Ендеше қазақ этносына тән тарихи тағылымдылық құндылықтар туралы мағлұмат алудағы басты бағдар қазақ халқының өткен ғасырлардағы мәдениетін, салт-дәстүрін, тәлімдік тағылымдарын тек сөз жүзінде емес, нақты тарихи жазба деректердің бүгінгі жастарға беретін тәрбиелік ой-мақсаттарымен таныстырып, белгілі деңгейде мағлұмат беруіміз керек. Мұндағы мақсат – қазақ халқының ара-кідік іркіліс тапқанымен , өткен ғасырлардан үздіксіз жалғасып келе жатқан мәдениеті мен тәлім-тәрбиесінің негіздеріне және оның тарихи тамырларына терең үңілу.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал-мәтелдері, шешендік сөз, айтыс өлеңдері сан ғасырлар бойы өз ұрпағын «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнерлі де өнегелі, адамгершілігі, ар-ожданы жоғары, намысқой етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілікелжандылық, отансүйгіштік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі басты шындық болып табылады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе, ұлт болам десең, қызыңды түзе»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымызды, ұлтымызды тәрбиелейтін аруларымызды теріс жолдан аулақ ұстап, тәрбие бергеніміз жөн. Нашақорлық, шылым шегу, жат әдет бала санасына кері әсерін тигізбесе, оң бағытқа сілтемейтіні айдан анық.
Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке шешесін, туған жерін сүюден, ана тіліне, ұлттық өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншіліктен туындайды. Сондықтан тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті, мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу – оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады. Ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабаларымыздың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту – топ кураторларының, мұғалімдердің, ата –аналардың ең үлкен парызы болмақ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.