Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бөрітастаған жартасында туризмді дамыту мүмкіндіктері -

Бөрітастаған жартасында туризмді дамыту мүмкіндіктері

Сабақ жоспары | Документы | Баяндамалар Загрузок: 263 | Просмотров: 1496 | Размер: 27.6 Kb | Автор: Нартай4540
. Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы
Берденова Мейрамгүл Темірсерікқызы
Ғани Мұратбаев орта мектебі,Кіндікті ауылы
Жоғарғы деңгейдегі ІІ-санатты география пәні мұғалімі

Бөрітастаған жартасында туризмді дамыту мүмкіндіктері
Көне заманның өзінде адамдар басқа халықтардың табиғаты мен мәдениетін танып білуде танып-білу мақсатымен саяхаттар ұйымдастырған. Б.э.д ҮІ ғасырда Египеттің көне тарихы ғажайып құрылыстары және кереметтей табиғатымен танысу мақсатында гректер мен римдіктер саяхаттар жасаған.
Аристотель, Демокрит, Квинтилян өздерінің еңбектерінде тәрбиелік мақсатта табиғатты танып білу үшін онымен қарым-қатынас жасау керек деген.Қайта өрлеу дәуірінде (ХҮ-ХҮІ) алғашқы бағытты туризмдік маршруттар ұйымдастырған.1425 жылы Мантуя қаласында Виторио де Фильтре мектепте туризм пәнін енгізіп, оқушыларды ұйымдастырған түрде әр түрлі жаттығуларға үйреткен. ХҮІІ ғасырда Жан Жак Руссо, Г.Либли туристік жорықтарды ұйымдастыру арқылы жас өспірімдерді патриоттық сезімге баулап, денсаулықтарын жақсартуға бағыттаған.ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Еуропалық мектептерде оқушылар мен жаяу серуендеу және тұрғылықты жердің көрнекті жерлері мен таныстыру мақсатында туристік жорықтар ұйымдастырылған.Еуропада алғашқы туристік орталықтар құрыла бастаған.Алғашқы туристік ұйымдар әр түрлі мемлекеттерде бір кезде ұйымдастырылды.Англияда 1857, Аустралияда 1862, Италия мен Швейцарияда 1863, Германияда 1869, Франция мен Ресейде 1870 жылдары, сонымен қатар 1919 жылы Халықаралық туристік альянс құрылды.Ал Қазақстанда алғашқы туристік ұйымдар 1931 жылы құрылды.
Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік ең алдымен ауызға туризмді алары анық.Себебі әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, ілгері адымммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.Расында экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айырықша.Оған ешкім күмән келтірмейді.Дүние жүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазына сына сырттан түсетін инвестицияның 10%-ға жуығы тек туризмның табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнайиэкспорты мен көлік сатудан кейінгі 3-орынды иеленіп келеді.
Қазақстан халықтарының мәдениетін қалыптасу тарихы мен дамуын анықтауда, зерттеуде маңызды рөл атқаратын республика аймақтарының бірі- Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы.
Адамзат тарихында даму үрдісінде әр түрлі дәрежедегі мәдени-тарихи ескерткіштер салынған.Қоршаған орта өзгерістеріне орай өткен заман ескерткіштері әр түрлі жағдайда тарихи мәдени мұра ретінде келіп жетуде Осындай ресурстардың бірі туризм-кейінгі жылдары елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі.Бүгінгі таңда бұл сала экономикамызға орасан зор пайда әкелетін тармағына айналып отыр.Тарихи-мәдени ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорымдар, қорғандар мен жартастар, таңба суреттерінің маңызы зор.Жас ұрпақ жанына рухани азық, өткен тарихқа деген, өз ұлтының салт-дәстүріне деген қызығушылықты дамыта отырып тәрбиелеу- әр адамның мызғымас ұстанымы.Туризм халықаралық қатынастардың жақсарып, елдер арасындағы достықты күшейтуге ұмтылыс күшейген кезде, туризмді дамытудың қазіргі кезеңі мен болашақтағы даму бағытымен ұштастыра жүргізіледі.Туризм әлемнің көптеген елдерінің өте көңіл қоярлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Мамандардың болжауы бойынша, ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ.[8, 5 бет].
Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді. [4, 1 б.]
Туризм бүкіл әлемде тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір тиімді іс көзі болып табылады.Тарихи-мәдени ескерткіштер-туризмді дамытуда маңызды орын алады[6, 36б.].
Еліміз егемендік алғаннан бастап туристік іс-әрекеттерді жандандыру мәселелері қозғала бастады. Алдымен, туризм концепциясы, іле-шала 1993 жылы «Туризм Заңы»бекітілді.Міне, содан бері он жылдан астам уақыт өтті, туризм біртіндеп дамып келеді.Оның халықаралық деңгейге жетуіне әлі талай жылдың легі керек.Халықаралық деңгейге көтерілуі үшін алдымен мемлекетішілік туризмді көтеріп, туристік инфрақұрылымды алдыңғы қатарлы елдер деңгейіне жеткізу абзал.
Туризм- бүгінгі таңда әлемдік экономикадағы маңызды салалардың бірі болып табылады.Туризм саласы табыстылығы жөнінен әлемде мұнай мен автомобиль экспортынан кейінгі үшінші орынды иеленеді екен.Демек, бұл сала бірқатар өркениетті дамыған елдерде табыс көзіне айналған.Қазір туризм әлемдегі ең басты әрі болашағы басым салалардың біріне айналып отыр. Туризм саласы экономикалық тұрғыда мұнай, газ арқылы ғана емес өз бетінше дамитын салалар қатарына жатады. Дүние жүзінде көлемі бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның аты әлемге енді ғана таныла бастады.Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризмге басқа экономика салалары сияқты сұраныс болған жоқ. Сонымен бірге еліміздегі тарихи, архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз тартар ескерткіштер әлем елдеріне онша таныс болмады. Қазақстанда туризм индустриясы мемлекеттік дәрежеде, мақсатты түрде экономиканың бір саласы ретінде қолға алынбауы себептен артта қалып отырды.Терең тарихи тамырлары бар, еліміздегі тарихи- мәдени мұралардың туризмнің танымдық бағытын дамытудағы маңызы үлкен.2006 жылы Республиканың Президентінің жарлығымен туризм және спорт Министрлігі құрылды, ол туристік индустрияны қалыптастыру процесін тежейтін кедергілерді жою шараларын және проблемаларын зерттеп, туристік саланың даму жағдайында талдаулар жүргізілді. Министрлікпен 29-желтоқсан 2006 жылы Республиканың Президенті Жарлығымен бекітілген 2007-2011 жылдарға туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы өңделді. 2006 жылы жаңадан құрылған министрлік Алматы қаласында әлемнің 42 мемлекетінен ұлттық туристік ұйымдардың өкілдері қатысқан, Бүкіл әлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-отырысын өткізіп, бұл өз кезегінде, Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында республикаға әйгілі халықаралық туристік биржалар мен көрмелерде ( оның ішінде Берлинде «ITB», Шанхайда «WTF2007»және Қазақстанда «KITF»)қатысуымен өзін көрсету жағдайлар қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының туризмді дамытудағы 2007-2011 жылға арналған бағдарламасында мемлекеттік бюджеттен бұл үшін 59318221 мың теңге бөлініп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылдың 27 қаңтарындағы жолдауында «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар да аз емес» деп көрсеткен болатын.Туризм дамуының жаңа стратегиясы еліміздің экономикалық өсуі мен өркендеуінің кепілі болып табылады[8, 17б.].
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста аймағымыз туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен,Кіндікті мен Жәнтікей ауыл арасындағы жартасы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, мен қысқаша Кіндікті ауылы туралы мәлімет беріп кетсем.
Кіндікті ауылы-Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы ауыл.Аудан орталығы-Ақсуат ауданынан солтүстік-батысқа қарай 122 км жерде, Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдері-Сағымжал тауының (1215м) батыс баурайында, Аягөздің оң саласы-Балтақара өзенінің жағасында, құрғақ дала белдемінде орналасқан.Тұрғыны 1,0 мың адам (1999) Іргесі 1961 жылы Карл Маркс қой өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды.Климаты көбінесе құбылмалы болып келеді. Жазда күн аптап ыстық болады.Шілде айының орташа температурасы +28-270С. Үнемі жел соғып тұрады.Ал қысы бірде ерте, бірде кеш келеді.Ерте келген жылдары ауылда қар өте қалың болады.Боран ұдайы соғып тұрады, әсіресе Қалбадан соғады.Қыста ауа райы -35-400С-ға дейін барады.Топырағы қара-қоңыр.
Сары далада сағымдар ойқастаған,
Алыстан бұлдырайды Бөртостаған.
Ырғыз бабам өзіңе келген сайын
Жұмыр тастар жұмбақтау ой тастаған.
Белгісіз тарихың да, тағдырың да,
Зулай, зулай ғарышта болдырдың ба?
Сапарың аяқталмай Тайга жақта,
Нүктесін біздің жерде қалдырдың ба?
Қымбатсың, құпиясың Бөртастаған,
Даламда мәңгілікке құндақтаған.
Ес білгеннен өзіңді көріп келем,
Әр тасың жер тасындай қымбат маған! Деп М.Әубәкіров айтқандай осы бір жазық даладағы жартасқа тоқталайық.
Бөрітастаған-Жәнтікей мен Кіндікті ауылдарының арасындағы жазық даласындағы жартас. Жартастың ұзын тұрқы 300 метр шамасында, ені 10 метр, ал биіктігі 50 метрдей.Терістік батысы жадағайлау, күнгей жағы тіп-тік жалама жақпарлар.Бөрітастаған туралы ғылыми зерттеуді 1975-1983 жылдар арасында сол кезде Қазақ ССР Ғылым Академиясының математика және механика институтының ғылымдарының кандидаты (кейіннен доктор) Тоқтар Нүркенов жүргізіп, «білім және еңбек» журналына мақалалар жариялаған. Нүркеновтың жүргізген зерттеулері бойынша ол жартастың метеорит екендігін дәлелдейді.[3, 39б.]
Эколог Ержан Құттыбаев зерттеулері бойынша бұл жартас сары сұр гранит және темір метеорит емес екенін айтады.Себебі, тасты үгітіп магнит жақындатқанда оған ешқандай нәрсе тартылмайды.Қазақстан аумағындағы бедерлеу өнерінің кереметтей ескерткіштерінің қатарына, ерте кезден-ақ ғалымдардың қызығушылықтарын туғызғанын, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жазбаларының есептері, жолжазбалары мен қысқаша ақпараттарының әртүрлі басылымдарынан жарық көрген.
Бөрітастағанның қабырғасындағы жазба суреттері жатады.Ескерткіштің географиялық координаттары: 48003І11,5ІІ ЕО 32027І40,7ІІ.Сол замандағы Бөрітастағанның жазба суреттері туралы өлкетанушылардың да ақпараттарына шолу жасасақ.
Бейсенбай Байболов- Адамдарға төбесіне шығуы өте қиынға түсетін биік жалаң жартас. Осы жартастың қасында халық әділ қазыларының аймақтық төтенше жиыны өтеді.Таудың тастарында жиынға қатысқан басшылардың аты-жөні жазылған, және де еуропа нәсілді адам басының көне суреті бейнеленген.(Байболов, 1914, 8бет).
В.И. Каменский- «Бөрітастаған туралы аңыздардың бірінде былай дейді, бір күні құдіретті патшайым Тарбағатай тауының бөктерінде саны жетпес табын-табын малын қорғап отырып, Зайсанмен арадағы жазықтан қасқырларды көріп қалып, жартастан үлкен тасты жұлып алып бөрілерге лақтырған.Сол себептен жапанда жалғыз «бөріге тастаған тас» тұр.
Бөрітастаған жартасы қорғауды қажет ететіндіктен, оның маңына ұлттық саябақ ұйымдастыру қажет. Ұлттық табиғи саябақтар дегеніміз-ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи- мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтылық сан алуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған қорғау мен ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Олардың негізгі мақсаты: біріншіден, ұлттық саябақтағы табиғатты қорғау көзделеді. Екіншіден, халықты рекреациялық қамтамасыз ету.
Туризм-кейінгі жылдары елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі. Бүгінгі таңда бұл сала экономикамызға орасан зор пайда әкелетін тармағына айналып отыр, сонымен қатар Қазақстанда туристердің потенциалын көтеру мәселелері жан-жақты қарастырылуда.Туризмнің дамуына республиканың саяси-әлеуметтік жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасы әсер етеді.Біздің еліміз таңғажайып тарихи-мәдени ескерткіштерге бай.Оның ғасырлар бойғы тарихы және халқымыздың ежелгі мәдениеті, тарихи ескерткіштері, байлықтары мен бірегей мұрасы, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, осының барлығы туристердің үлкен қызығушылығын тудырады. 5000 жылдық тарихы бар, қорғауды қажет ететін екі ауыл арасындағы жазық даласындағы жартас туризмнің қарқынды дамуына мүмкіндік береді.Аймақтың тарихы мен рухани-материалдық мұраларымен танысу сырттан келген туристердің қызығушылығын арттыратын факторлардың бірі болғандықтан оларды қалпына келтіріп, туристік нарыққа тарту қажет. Ол үшін облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туризм бөлімінде жұмыс жасайтын телекомпаниялармен туристерді тарту мақсатында еліміздің өткен тарихында ерекше орын алатын «Бөрітастаған»жартасы сияқты орындарда арнайы фестивальдар өткізіп, жарнамалар шығарып, Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен жолдар сияқты біздің ел ауыл арасына да танымдық жорықтар, экспедициялар ұйымдастыру қажет.Міне екі ауыл арасында орналасқан Бөрітастаған жартасы туралы осындай деректер бар.Елбасының жолдауында туризм саласына қатысты айтылған тапсырмасын басшылыққа алып, түрлі тарихи ескерткіштер мен тарихи орындар, табиғаттағы тамаша орталар, көрікті жерлерде туризм саласын қолға алсақ, онда қаржылық саланың да дамуының бір көзін табамыз.Туристік саланың дамуында орын алған проблемалардың мемлекет тарапынан шешілуі, тек туризмнен түсетін кірісті ұлғайтып қана қоймай, осы саладағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, мемлекеттің беделін көтеретіні анық.
Қорытындылайтын болсақ, 5000 жылдық тарихы бар, қорғауды қажет ететін екі ауыл арасындағы жазық даласындағы жартас туризмның қарқынды дамуына мүмкіндік береді.Еліміздің өткен тарихында тылсым табиғаты бар «Бөрітастаған» өзінің табиғи-тарихи ескерткіш мәртебесін алатын болса, нұр үстіне нұр болар еді.Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзегеасыру процесін жылдамдатуға көмектеседі.Сонымен қатар,Бөрітастаған жартасына туристерді бүгінгіден де көп тарту үшін оған барар асфальт жол салынса, қонайүй, мейрамхана, кафе-бар сияқты сервис саласы қызмет көрсетсе, жол жүйелері жарықтандырылып, келер туристерге жағдай жасалса, онда бұл жазық далада жатқан жартас ғылыми тілмен айтсақ,туристік нысанның аты көпке танымал болатын орталыққа айналатыны анық.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Филиал Института археологий имени А.Х.Маргулана, г.Астана
2.Тарбағатай нұры газеті, Бөрітастаған: мәртебесі және болашағы, Е.Құттыбаев, 3 бет
3.Тарбағатай -80 жыл.Анықтамалық.-Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008.-174б.Бөрітастаған 39 бет.
4.Интернет ресурстары, Т.Нұркенов, Б.Байболов, В.И.Каменский
5.География және табиғат/КарменоваН, Тоқсабаева Н,Қорымдар мен қорғандардың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктері/ 3/201ж б30-32
6.Карменова, Тоқсабаева,/2/2010ж б36-40Тарихи мәдени ескерткіштер
7.Қазақстандағы туризм индустриясын дамыту жолдары/М. Тәліпбай, А.Тілегенова/5/2012 15-17б
8.Табыстың тартымды саласы-туризм/ «Егемен Қазақстан» газеті, 2011ж,5бет

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ



Тақырыбы: Бөрітастаған жартасында туризмді дамыту мүмкіндіктері


Орындаған: география пәнінің мұғалімі Берденова Мейрамгүл

Кіндікті ауылы
2014 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.