.
.
Ибраева Гүлназ Рысқалиқызы Көркем шығармаларға «тыңнан сюжет жасау» әдісі
Сабақ жоспары | Документы | Оқушымен жұмыс Загрузок: 470 | Просмотров: 1744 | Размер: 66.3 Kb | Автор:Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Жетібай ауылы №3 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбек өтілі - 7
Санаты - І
Көркем шығармаларға «тыңнан сюжет жасау» әдісі
«Мектебімізді таза, берік, һәм қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, шәкірт жүрегінен жол тауып, білім нәріне қандыра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - дейді Мағжан Жұмабаев бір туындысында.
Ендеше, шәкірт жүрегінен жол тауып, әдебиетке деген құштарлығын арттыру мақсатында, субьекті құзыреттілігін қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологиялар мен әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сөйлеу, ойлау мәдениетін дамытуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға әбден болады.
Сондай тиімді әдіс-тәсілдің бірі – тыңнан сюжет жасау.
Тыңнан сюжет жасау біріншіден, оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттырса, екіншіден, ой-өрісін дамытып, өз пікірін еркін айтуға, әр нәрсенің себебі мен салдарын білуге дағдыландырады, үшіншіден, жаңадан ой туғыза білуге үйретіп, оқушы қиялын ұштаса, төртіншіден, әрбір оқушы өзіне-өзі тұлғалық, авторлық көзқараспен қарап, жауапкершілік деген дүниені сезіне түседі (өйткені, мұғалім бұл тапсырманы берер кезде оқушыларға салмақты ой тастап, тәрбиелілік мәні бар сюжет құру керектігін, үлкен сенімділікпен, жауапкершілікпен орындау қажет екенін ескертеді). Осының дәлелі ретінде 10 «А» сынып оқушылары
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» поэмасына тыңнан сюжет жасаған туындыларынан үзінді берер болсақ...
Халлықызы Толғанайдың жасаған сюжеті өлең жолда- рымен өрілген, екі бөлімнен тұрады,.
Сол түні көшпелі ел өтіп барып,
Көріп қалды бесіктегі баланы
Ішінен бір қария алға шығып,
Сол баланы бауырына алады.
Ол қария рубасы сол елдің,
Біраз тұрып бөгелді мола басына.
Жұртына айтайын деп бір нәрсені,
Жиып алып, сәбиді қойды қасына.
Жұртына айтты, «Ей, ағайын, жамағат,
Бұл баланың есімі болсын Қанағат.
Мұрагерім осы бала ендігі»,
Деп шешімді айтты сөзбен жанап-ап.
(Осылайша қария қамқорына алынған сәби Қанағат ер жетіп әке-шешесі жөнінде қариядан біледі.Кейін батыр атанып, Хадиша есімді аруға бас қосады.)
Хадиша жарлы әулеттен болған екен,
Батырдың көңілі оған ауған екен.
Екеуі танысқанда бір ғажабы,
Аспаннан моншақ боп нөсер жауған екен.
Жылдар өтті Қанағат сәби сүйді,
Көкейіне меңзетіп бір ой түйді.
Есімін Ер Кебек деп қойды оның,
Бұл сәби жұмақ қылды осы үйді.
(Оқиға шешімі ата-анасының кегін алу мақсатында Тобықты мен Матай еліне жауға шабады.Әлсіреп қалған Қанағат қолға түседі.Оның игі сөздеріне ұйыған екі елдің жұрты татуласады.)
«Еңлік пен Кебектің шырылдап қалған баласын 50 жас шамасындағы аң аулауға шыққан ер адам тауып алады.Он екі жылдан кейін Матай елі баланы тауып алып,оны өлтірмек болады. Себебі,бала ержеткен соң Матай елінен кегін алады деген мақсатпен баланы да ата – анасы сияқты ат артына байлап, сүйреп өлтіреді.Осылайша баланы Еңлік-Кебек бейітіне алты қадам жақын жерге жерлейді.» - деп Бектұрған Нұршат өз қиялын өрбітсе,
Білбала Айткүл: «Еңлік пен Кебектің баласының арқасында екі ел татуласып, сәбиді Кеңгірбайдың қолына беріп, Еңліктің соңғы тілегін орындайды.Кейін бала ер жетіп, әкесі Кебек секілді батыр атанады»-деп қазақтың қара өлеңімен қорытады.
Ал, Итбатырова Гүлмира: «Құдайдан бала сұрап жүрген бір отбасы екі елдің бесігінен шырылдатып тастаған күнәсіз сәбиді түн ішінде ешкімге білдірмей алып кетеді. Бір жағынан қуаныш,бір жағынан қорқыныш билесе де азан шақырып,сәбидің атын Ескендір қояды. 18 жасқа келген Ескендір нағашы атасымен аң аулауға шығады. Осы кезде Матай елінің бір азаматы мұны көріп,Кебектің әруағыма деп шошынады. Сонда далада шырылдап қалған сәби есіне түсіп, іздестіреді.Асырап алған Жәнібек әкесі мен Ұлжан анасынан бар шындықты біледі.Бірақ Ескендір қаны бір ағасымен еріп кетпей,20 жасында Тоғжан атты арумен отау тігіп,екі ұл,екі қызды болып ата-анасымен сол елде бақытты ғұмыр кешеді»- деп өз сюжетін жасайды.
Бұл жұмысты сараптау барысында оқушыларға мынадай сұрақ қойылды: «Тыңнан қосылған кейіпкерлердің есімі неліктен Ескендір, Жәнібек, Ұлжан қойылды?». Сол тұста оқушылар әдеби кейіпкер Ескендір, Ұлжандарды талдап, мінездеме бере жөнелді. Демек, Ұлжан десе, Абайдай дара ақынның мейірімді, қонақжай, өнерсүйгіш, дана анасы ойымызға бірден оралатын- дығының, көз алдымызға елестейтіндігінің дәлелі.
Сол талдаудан кейін, менің де шәкірттерімнің есімдері ұлылыққа тән, ойға оралымды болса екен деген тілек болды...
Міне, жеке адамдар басындағы трагедияны суреттеген әлеуметтік астары терең реалистік шығармаларға болсын, классикалық туындыларға болсын тыңнан сюжет жасау оқушы үшін қызық әрі шығармашылық деңгейімізді көтереді деп ойлаймын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.