.
.
Адамшылықтың шуағы сөнбесін. Адамшылықтың шуағы сөнбесін.
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 420 | Просмотров: 2006 | Размер: 48.5 Kb | Автор:Мақсаты:Оқушылардың бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды , шыншыл, қайырымды, ізетті де кішіпейілді т.б. адамдық асыл қасиеттерді игерту.
Көрнекілік: кемпірқосақ, күлімдеген күн, түнерген бұлт суреттері.
1. Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын мәпсінің таласы.
Шәкәрім
2. Адам бір тәуір іске жарамаса да өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
3. Адамның адамшылығы ақыл – ғылым жақсы ата, жақсы ана , құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай
Жүргізілу барысы :
І. Сәкен Тұрысбековтың “ Көңіл – толқыны “ күйі орындалады.
ІІ. Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
- Адамшылық деген не ?
- Рух деген не ?
- Рух деген – адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттерімен игі істердің қайнар көзі . жаратылыстың бәрі екі қарама – қарсы нәрседен тұрады : ол ақ – қара , күн – түн, ыстық – суық, жақсы – жаман.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі. Адам денесінде “ Рух пен нәпсі ” күресі жүріп жатады.
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Рухтың мекені – адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар – ұят, қайрат , мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Күн – адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Рухани бай адам ең алдымен әділ , шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттер бар адамдар адамшылық мол болады. Осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік сияқты сапалық қасиеттер кездеседі.
Бүгін осы сапалық қасиеттердің біразы туралы пікірлесейік. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күннің суретіне қараңдаршы. Жарық күн – көлегейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағы төгетін құдіретті ананың біріне теңесек , біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
І. Бұлт. Сен неге түнере қалдың , сенің шешуін не ?
Бұлт тапсырмасы : баяу ән әуенімен барлығымызға жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. Оқушылардың ойлаған ойларын сұрау.
- Аңсаған оқуыма түссем екен.
- Жер шарында тыныштық болса екен.
- Әскердегі ағам аман сау келсе екен.
- Әке – шешемді жақсы істермен қуантсам екен.
- Алтын белгімен бітірсем екен.
Жүргізуші : Осындай жағымды ойларын сендердің бойларына
қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі.
І. Бұлт ашылды – қайырымдылық қасиетін білідік
ІІ. Бұлт тапсырмасы : Үлгі аларлықтай нақыл сөздер , тақпақтар айту.
1. Абайдың 37 қара сөзі
2. Абай “ Ғылым таппай мақтанба ”
3. Шәкәрім . “ Кісіге адамшылық неге керек ? ”
І топ : Абайдың 37 – қарасөзінен :
- Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
- Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың ; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң алланың сүйген құлының бірі боласың.
- Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық адамды бұзады.
ІІ топ. Абай “ Ғылым таппай мақтанба ”
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуін өмірін алдында,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көңсеңіз…….
ІІІ. Топ. Шәкәрім. “ Кісіге адамшылық неге керек ? ”
Кісіге адамшылық неге керек ?
Адамдықты - өзге айуаннан артық демек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек ?
Жалмағанша жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған жылағанға, болып көмек.
Жаны ашып , жәрдем қылмай өткен адам –
Өсіп , өшіп құлаған бір бәйтерек.
Жүргізуші : Мына суретке назар аударыңыздаршы, нені көріп тұрсыңдар ?
Оқушылар жауабы …………………….
Жүргізуші: Иә, біз адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек неге, оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі дау - дамай қылмыстар жайында рақаттанып әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде , қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба ? Егер біреу сені сөгіп жатса , “ Мен ризамын ” деп жауап бере қой, - деген пайғамбар хадистерінде. Сондықтан , оқушылар жаңағы айтқан нақыл сөздерінен өнеге алып өмірдің достарынның ұстаздарынның тек жақсы қасиеттерін қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударындар :
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы
ана , жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай
ІІІ. Бұлтты сейілтсем : рухани адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анаңды сүйемін, туған жерімді , Отанымды , достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты :
1 – ші қатар : Отанға сүйіспеншілік
2 – ші қатар : Ата – анаға
3 – ші қатар : Махаббат, достыққа байланысты сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар.
Тақпақтарын тыңдаймыз :
1 қатар :
Отаным алтын – мекенім,
Өзіңде өсіп жетемін
Барша әлемге танытып,
Үлесімді қосып өтемін.
2 қатар :
Қос қанатым, ата – анам
Мен сендермен шаттана аламын,
Балалық зор парызымды,
Қайткенде , мен ақтай алам ?
3 қатар :
Достық сезім махаббатқа ұласқан
Сонда адамдар бір – бірімен жарасқан
Достық ниет, достық сенім жарысқан
Жамандық пен жақсылықта табысқан
ІV. Бұлт тапсырмасы : тестіге жауап беру.
1 қатар : сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым – қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал сен не істер едің ?
а) ештеңе білмегендей боласың .
ә) достарының табалауынан қорықпастан осы баламен достасқың келеді.
б) достарыңмен бірге мазақ қыласың.
2 қатар: Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде күтім жасау кажет ?
а) үлкен ағаш болғанда.
ә) көшет кезінде
б) тал кезінде
4 қатар: сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа дайындаламын деп кетті, ал шындығында олар дискотекаға барды. Егер шешең сенен осы жайды сұраса сен қандай жауап берер едің ?
а) бұл жайында ештеңе білмеймін деймін
ә) бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың
б) шынынды айтасын
V. Бұлт тапсырмасы: ребусты үш топтың жетекшісі тез шешу керек. Рухани адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті і - “ Әдептілік ” деген сөз болды. Бұны қалай түсінесіңдер ? Оқушылардың жауаптары :
Үлкенге жол беру шыншыл болу кісінің алдын орап өтпеу
Өтірік айтпау мақтанбау
Әдептілік
Кішіпейіл болу ізетпен сәлем беру өзін өзгелерден жоғары
санамау
VІ. Бұлт тапсырмасы : Сұрақтарға жауап.
1. Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің ?
2. Махаббат сүйіспеншілігі деген не ?
3. Аманат деген не ?
Осы сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге 3,4 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші :
Күн ашылды,
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім,
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым,
Осы жарқыраған күндей , мейірімді, жан шуақты , көңілдерін ақ адамға тек жақсылық жасай білетін , адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі тәрбие сағатында аз да болса да жақсылықтың нұрын , адамгершіліктің дәмін алдыңдар деп ойлаймын. Ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1- түс .
Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2 – түс .
Күні бойы өзіңді қоршаған адамдар туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер .
3 – түс.
Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды , жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бір неше минут ойлаңдар.
4– түс.
Әнді жиірек тыңда , жаңынды жадыратып, рақатқа бөленесін.
5 – түс.
Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6 – түс.
Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдыланыңдар.
7 – түс.
Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген нақыл сөзді жадыннан шығармаңдар.
Қорытынды : Қымбатты оқушылар ! Қазір жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштықты сақтап, дыбыссыз отырыңдар. Бойларына бүгіннен бастап жаңа шуақ егілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарының басынан бастап, жоғарлап барады. Қызу шуақ , ыстық жылулық жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдеттен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сендерге рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.