.
.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім МЕНІҢ СҮЙІКТІ ІСІМ
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 562 | Просмотров: 4862 | Размер: 14.7 Kb | Автор:Сабақтың мақсаты:
Түрлі интерактивтік әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру
Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу қабілеттерін қалыптастыру;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ноутбуктағы тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ой қозғау (1-2 минут) –
Балалар, тақтаға назар аударыңдар, мына сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріңдер
- Мен би билей аламын.
- Мен сурет сала аламын.
- Мен торт пісіре аламын.
- Мен ән айта аламын.
- Мен жүзе аламын.
- Мен музыкалық аспапта ойнай аламын.
(Тақтада суреттер) биші, суретші, торт пісіру, әнші, домбырашы, суда жүзуші
- Ендеше, бұл кісілердің сүйікті ісі екен.
- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
(Менің сүйікті ісім)
Менің сүйікті істерім тақырыбында ой өрбіту.
Сергіту сәті «Қара жорға» биі (2 минут)
-Жақсы, балалар бойымыз сергіп қалды, енді орынымызға отырайық
(Ноутбукта тапсырмалар беріледі) Жеке жұмыс жасайды.
Тілдесім. (2-3минут)
Балалар, бір-бірлеріңе сұрақ қоя отырып өздеріңнің сүйікті істерің жайлы айтыңдар, бір—бірлеріңмен сұхбаттасыңдар
Оқушылар біріне сұрақ қояды:
- Сенің сүйікті ісің қандай?
- Менің сүйікті ісім ..................................... айналысу, т.б.
- Сен немен айналысқанды ұнатасың?
Сабақты бекіту кезеңі. Шығармашылық кезең: (5-7 минут)
-Балалар, осы тапқан жауаптардың өзі де кейбіреулеріңнің сүйікті істеріңе жатады, солай ғой, ендеше «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.
Сендерге 5-7 минут уақыт беріледі.
Оқушылар жазған шағын әңгімелерін оқиды
Қорытынды: оқушыларды ынталандыру, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.