Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“Macromedia  Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс” -

“Macromedia Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс”

Сабақ жоспары | Шаблоны презентаций | Информатикадан презентациялар Загрузок: 245 | Просмотров: 1458 | Размер: 73.7 Kb | Автор: Нартай4540
. Бүгінгі таңда “Жаңа технологиялар” адамдардың өмірін, қарым-қатынасын және жұмысын өте аз уақыт ішінде қатты өзгертті. “Жаңа технологиялар” адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырды Жай ғана үй тұрмысына арналған техникаларды бірнеше жыл бұрынғы модельдерімен салыстыру өте қиын. Мысалға, телефон аппаратының өзгеруін алайық, ол кем дегенде екі құрылғыдан тұратын еді, ал қазіргі өлшемі кішкентай сымсыз ұялы телефонғға дейін өзгерді. Оның жарты ғасырдан кейінгі өзгерісінің қандай болатынын елестету қиын . Жаңа технологиялар осындай өзгерістерді қоғамның басқа да салаларына енгізуде. Солардың ішінде негізгі рөлді компьютер атқарады. Ауқымды, көп уақытты алатын есептеу жұмыстарын компьютердің арнайы программалары арқылы тез арада жасауға болады. Компьютерлік программалардың ішінде өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқандары “Объектілерге бағытталған программалау” және компьютерлік графика. Олардың көмегімен әртүрлі электрондық қабықша құруға болады. Бұған көптеген аниматорлар, программалаушылар және дизайнерлар өз үлестерін қосуда.
Мультипликациялық бейнелер жасауға арналған Macromedia Flash программасы өндірушілер арасында кеңінен қолдау тапты.Future Splash графикалық программасы 1997 жылы Macromedia компаниясында пайда болған. 10 жыл ішінде Flash программасының векторлық графикасы мен анимациясы барлық Web-беттердің, браузерлердің және операциялық жүйелердің модульдер құрамына енді. Flash программасының жыл сайын жаңарып отыратын мүмкіндіктері қолданушыларды қызықтырып, олардың санын жылдан-жылға арттыруда. Қазіргі таңда өңдеушілер Flash-тың көмегімен мультимедиалық жарнамалар, Web-беттер, ойын программаларын және электрондық оқулықтар құруда.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.